- Негізгі бет
- Тұлға
- Пабло Пикассоның әйгілі...
Пабло Пикассоның әйгілі жұмыстары
Жиырмасыншы ғасырдың ұлы тұлғасы Пабло Пикассо өмірін Испания жерінде өткізген. Ол - суретші, сәулетші, дизайнер, кубизмнің негізін қалаушы, сарапшылардың пікірінше, "ең қымбат суретші".
Пабло Пикассоның әйгілі төрт жұмысын ұсынамыз.
"Абсентті ұнатушы" деп аталатын картинаны суретші 1901 жылы күзде Парижде салған. 1900-1904 жылдары салынған суреттері жалғыздықты, жан-дүниенің босап қалғанын, құлдырауды бейнелейді.
"Шардағы қыз" картинасын Пикассо драмаға толы кезеңнен шығып, өмірге жаңаша көзқараспен қарай бастаған шағында салған. Цирк сюжеттері өнерде жиырмасыншы ғасырдың басында кеңінен қолданылған. Бұл картинада өмірге құштарлық, еркіндік суреттелген.
"Olga Picasso" картинасы классицизм кезеңінде салынған.
"Арлекин және оның құрбысы" картинасында өз-өздеріне үңілген екеу бейнеленген. Бұлар мұң мен жалғыздық құшағында. Иық түйістіріп отырса да, екеуі бірге емес, бағыттары бөлек...
Сурет: haikudeck.com, picassolive.ru
Р. Роза