Өзін ұмытқан адам

Өзін ұмытқан адам

Егер сіз ағылшын бұғазынан өтіп бара жатсаңыз, аспанмен тілдескен бір адамның мүсінін көресіз. Бұл мүсін бір теңіз апаты кезіндегі кеме капитанының мүсіні. Мүсіннің тұрғызылғанына 130 жылдан астам уақыт болған. Жұрт оны «Мойымас көңіл ескерткіші» деп атайды.

1870 жылдың 17 наурызы. Кеш. Майрек атты жолаушылар кемесе теңізасты құзына соғылып, теңізге бата бастайды. Бұл теңіз тақсіретінде тарих тек капитан мен теңізшінің төмендегі диалогын мәңгі тарих парағына қалдырып кетті.

«Орынбасар Аукров?»

«Бармын!»

«Жанқұралыңды тақтың ба?

«Солай, жанымда!»

«Қанша тал оғы қалды?»

«Үш тал!»

«Жетеді. Қазір біз 60 адамды құтқаруымыз керек. Егер теңізшілердің жолаушылардан бұрын жан сауғалағанын байқасаң, табанда атып таста; Егер ерлердің әйелдерден бұрын жан тасалағанын көрсең, атып таста; Егер жастар қарттардың алдына түсіп қашса, атып таста!» деп бұйрық берді.

Мылтық дауысынан да жойқын шыққан бұл сөз жантүршігерлікпен арпалысқа түскендердің көңілін лезде су сепкендай басты. Олар капитанның нұсқауы бойынша, ретімен құтқару кемесіне қара жөнелтіле берді. Ең соңғы жолаушы құтқарылып болған кезде капитан кемемен бірге суға батып кетті. Шындығында кемеде құтқарылуға тиісті 61 адам бар еді. Бірақ капитан сол майданда өзін шын мәнінде ұмытып кетті.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan