Танылмал тұлғалар да тез таныла қоймаған. Өнері мен сүйкімі артық бола тұра, арындап тұрған жастық шақта емес, отыздың орда бұзар тұсында есімі шыққан жандар көп. Олардың арасында жалпақ жұртқа кеңінен таныла қоймаған әнші де, жазушы да, суретші де, биші де бар. Жалпы алғанда, өнер ауылы кісіге көп талай қойғыш. Мүмкін оларда да бір кемшілік болған шығар. Мүмкін, дәл қазір сізде де бір кемшілік бар шығар...
Джордж КлуниОтыз жасында телесериалдарда түсіп жүрген. "Розанна" шоуындағы бірнеше эпизод - оның сол уақыттағы ең жарқын рөлі саналған.
Винсент Ван ГогҰлы суретші 37 жасында ұмытушылықтан (забвение) көз жұмған. Күллі ұлы еңбектері отыздан асқанда дүниеге келіпті.
Франц КафкаОтыздың орда бұзар тұсында Кафка өзінің әйгілі шедеврі "Үкім" мен "Құбылуын" жаза бастаған. Алайда, жазушының көзі тірісінде шығармалары басылмапты.
Уильям ФолкнерЕкі роман жазғанына қарамастан, бірде-бір шығармасы өзі күткен атақ-даңқты алып келмеді. Сосын ол Йокнапатофта - ойдан шығарылған АҚШ-тың оңтүстігінде жаңа еңбектерін жаза бастайды. Ал шын мәніндегі танымалдылық 31 жасында, "Айғай мен кек" романынан соң келе бастады.
Алан РикманТеатрда біршама уақыт бойы тер төккен соң, Рикманге 36 жасында басты рөл ұсынылды. 41 жасында Бродвейдегі театрда еңбек етіп жүріп, 42 жасында "Берік жаңғақ" («Крепкий орешок») Ганс Грубергтің рөлін сомдаған.
Тони Моррисон"Тұнық көк көздер" романы жарыққа шыққанда жазушы 39-да болған. Ол өзінің бірінші сыйлығын - Пульцеровский премиясын елу бес жасында, Нобель сыйлығын алпысты алқымдағанда алған.
Марта ГрэмТанымал хореограф және американдық танц модерннің негізін қалаушы отыздың орда бұзар тұсында Denishawn би мектебін енді тәмәмдап жатқан.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: 1tv.ru; deathandtaxesmag.com