Қазақстандық цирк әртісі Анна Демидова Астана қаласында өткен VI Халықаралық «Азия Жаңғырығы» («Эхо Азии») цирк өнерінің фестивалінде алтын медальге ие болды.
Фестивальдің ең кішкентай қатысушы он үш жастағы эквилибристика өнерінің шебері Анна Демидова әділ-қазылар алқасын өзінің күрделі трюктерімен таң қалдырды. «Анна қазылар алқасының барлық мүшелерін таң етті. Жас шебер өте ерекше өнер көрсетті. Ерекшелігі – Анна әлемде санаулы эквилибристер көрсететін трюктарды жасады», - дейді Қазақ Мемлекеттік Циркінің көркемдік жетекшісі Уәлихан Шалабаев.
Демидова гимнастикамен алты жылдан бері айналысып келеді. Дарынды эквилибрист өнерінің шебері ұйымдастырушылар танымал түрлі цирктік шаралар мен сайыстарға шақырып тұрады. Қазақ Мемлекеттік Циркінің көркемдік жетекшісінің айтуынша, Анна шетел асып, әлемдік деңгейде өнер көрсетуді армадайтын көрінеді. Сонымен қатар ол Монте-Карлода өтетін әлемдік фестивальге қатысқысы келеді.
VI Халықаралық «Азия Жаңғырығы» («Эхо Азии») цирк өнерінің фестивалінде тоғыз елдің шеберлері қатысқан. Солардың ішінде АҚШ, Қытай, Украина, Белорусия және Ресей де бар. Сайыстың бас жүлдесі польшалық өнер иелеріне табысталды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: aktau-site.ru