- Негізгі бет
- Тұлға
- Осы жұрт Ескендірді...
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Б.з.д 356 жылдың 21 шілдесінде әлемді жаулаушы, ер мінезді Александр Македонский дүниеге келген. Есейе келе даңқты қолбасшы болып, ерте заманда ерекше гүлденген Рим империясы секілді мемлекет құрды. Әкесі Византия елін бағындырып жатқанда, 16 жастағы бозбала фракиялықтарды өзіне тәуелді етеді. Ал 21 жасында Македония ханзадасы қол астына толықтай Фиваны алып, парсылық сатраптармен айқасқа түседі. Александр сол кездің өзінде-ақ санмен сапаны алмастыруға болмайтындығын түсініп, қарулы әскеріне жағдай жасап, көп көңіл бөлген. Жоғары ұйымдасушылық пен тәртіп, оңтайлы соғыс тәсілдері мен жаулаудағы тың әдістер Македонскийге Дарийдің өзінен саны жағынан 3 есе көп әскерін жеңуіне көмектесті. Бұдан кейінгі Азияны жаулау әрекеті жеңіл болды: бұған дейін парсылықтардан зәбір көрген елдер ержүрек те батыл жас ханзадаға үлкен сенім артып ешбір соғыссыз бірден беріліп жатты.
Әлемді дүр сілкіндірген атақты қолбасшы жайында мына мәліметтерді білесіз бе?
1. Александр Македонский 30000 жаяу әскерінің әрбір мүшесін жазбай танитын болған. Шамамен миының 10 ℅-нан көбі жұмыс істеген болар.
2. Ұлы қолбасшы сол кездің өзінде экзотикалық болып есептелген «линоторакс» қаруын пайдаланған. Ол бірнеше қабат зығыр желімімен көмкерілген. Бұл қару-жарақтың түрі оқтан да, суық қарудан да өте жақсы қорғайды.
3. Александр қолбасшы әйелдер қауымына салқынқандылық танытқанмен, ақылды әйелдерді қатты жақсы көрген. Оны жұртшылық пікір еш алаңдатпаған. Міне, осы себепті жалындаған жас Александр өзінің досы Птоломей таныстырған атақты грек гетерасы Таис Афинскаямен жақсы қарым-қатынаста болған. Ол қыз үшін ішкен асын жерге қойған, алайда назары соғыста болып көп көңіл бөле алмай аралары суып кетеді.
4. Гордиев түйіні естеріңізде ме? Оракулдың айтуынша, сол түйінді шешкен адам әлемді билейді. Кейбіреулері оны тарқату мүмкін емес, кесіп ғана тарқата алады деген. Ал Александр кесуге арналған құралды пайдаланбай сол түйінді шешкен екен.
5. Осы күндері бизнес-тренингтерде үйрететін «бөліп ал да билей бер» ұстанымын ұлы қолбасшы сол кездің өзінде-ақ пайдаланған. Бір мәселе – байтақ жерлерді жаулау болса, екінші мәселе – оларды қарамағыңда ұстай білу. Бұл оның қолынан қалай келгендігін білесіз бе? Ол бар болғаны қарама-қарсы жақтың басшысын сол жерге тағайындаған.
6. Александрдың табыстылығының құпиясы тек жоғары сезгіштігінде емес, мұнымен қатар айналасына сенімді адамдарды жия білуінде. Оның достары (Клит, Птоломей, Гефестион) бала күнінен бастап жанында бірге өсіп, қажет кезде көмек қолын созып, айтпақ ойын сөзсіз түсінген.
7. Және арыстан мінезді батырымыз сатқындарды ешуақытта кешірмеген. Піл мен тақтайшаның құпиясын парсылық қашқын әкеліп берген. Ақырында сатқынды өзінің ойлап тапқан әдісімен жазалаған. Сатқынды өлтірсе де, оның идеясын жүзеге асырды.
Александрдың қайтыс болуы оқыс жағдай болды: бір қарағанда оңай болып көрінген жарақаттың арты лихорадкаға айналып, жас ханзада 10 күнге жеткізбей өлім құшады. Ол небары 33 жаста болатын.
Александр басшы болудың қыр-сырын асықпай меңгеріп, соған бар уақытын арнаған жоқ. Керісінше, жылдам әрі дұрыс шешімдер қабылдап отырды. Ол бірінші кезекте – жаулаушы. Ақылды, жолы болғыш және батыл. Артынан көпшілікті ертіп, жаулаған елдердің де сүйіспеншілігіне бөлене білген - өз заманының батыры. Оның ерліктерін айтып тауысуға уақыт жетпейді.
«Александр» есімі сол кезде сәнге айналды. Ата-аналары балаларынан үлкен үміт күтіп, болашақта ақылды да батыл болсын, бізге қамқорлық көрсетсін деген ниетпен солай есім беретін болған. Александр Македонский дұшпандарына қаталдық танытса да, ата-анасын ерекше жақсы көріп, сыйлаған.
Александр соғыс тәсілдерін жетік меңгерумен қатар, өнегелі білім алған. Бір ұстазы атақты Диоген, екіншісі тарихшы Аристотель болған. Мұнымен қатар жаулаушы ұрпағына нақыл сөздер қалдырып кеткен. Солардың ең таңдаулысын ұсынып отырмыз:
1. Аспанда екі күн, жерде екі әмірші болуы мүмкін емес.
2. Сенімге ие болған өтірік, шындыққа айналады.
3. Ғаламда жер есепсіз көп, ал мен болсам, біреуін де жауламадым.
4. Сенде көп болған сайын ашкөз боласың.
5. Филиппке өмірім үшін, ал Аристотельге адам деген атқа лайық өмір сүріп жүргенім үшін қарыздармын.
6. Мен жеңісті ұрламаймын.
7. Афиналықтар, сендердің көңілдеріңді табу үшін нар тәуекелге баратынымды білесіңдер ме?
8. Патшалар нәсібі – жақсылық жасап, жаман атқа ие болу.
9. Ұйқыларың тыныш болсын деп, түні бойы мызғымадым.
10. Қабірімнің үстінде үлкен шайқас болатынын көріп тұрмын.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: www.rudata.ru
А. Әбілхан