Көнетоз киім қанша тұрады? Әйгілі "Кристис" аукционы ұйымдастырушыларының соңғы 40 жыл ішінде "Оскар" сыйлығын марапаттау салтанатында голливуд жұлдыздарының кербезденіп жүрген киімдерін көтере сатуы өте табысты өтті. Сатылған киножәдігерлердің жалпы сомасы 786 120 долларды құраған. Аукцион ұйымдастырушылары танымал модельерлердің америка киноөнер академиясының жоғары марапатына номинацияланған актрисаларға арнайы тіккен сәнді көйлектердің 56-сын сатылымға қойды. Аукциондық сауданың қыза түскені соншалық тігін өнерінің туындылары бастапқы бағасымен салыстырғанда бірнеше рет еселенген. Мысалы, 2000 долларлық көйлектің ақтық бағасы 50 000 долларға жеткен. Кешкі көйлектердің ішіндегі ең ерекше атап өтетіні - ол 1969 жылы салтанатты кешке Элизабет Тейлордың киіп келген көйлегі болды. Ол аукцион сатылымында ең бағалы әрі ең қымбат көйлек болып саналды. Аталған көйлек рекордтық сомаға сатылды нақтырақ айтқанда оның соңғы қорытынды бағасы - 167 мың долларды құрады!
Ал соңғы 2012 жылы болған "Оскар" сылығын марапаттау рәсімінде атақты голливуд жұлдыздарының қандай көйлек кигендері жайлы мұнда біле аласыздар.
Сурет: liveinternet.ru