Жандосов Ораз Қыйқымұлы (1889 - 1938)
Мемлекет қайраткері. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітіріп, революциялық жұмысқа қатысты.жетісу совдепінің нұсқаңшысы болып, жергілікті жерде Кеңес өкіметін нығайтуға атсалысады. Жетісудің ұлт істері жөніндегі облыс бөлімін басқарды. 1919-1921 жылы Түркістан КП мұсылман коммунистері секциясы облыстық бюросының төрағасы болды. Верныйда Қапал, Жаркент, Лепсі уездерінде бүлікшілерді талқандауға белсене қатысты. Жетісу облысы революциялық-әскери комитетін және облыстық «Қосшы» одағын басқарды. 1921-1923 жылы Түркістан КП ОК-інің үгіт-насихат бөлімінің екінші хатшысы болды. 1924-1928 жылдары БКП (б) Қазақстан өлкелік комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. Ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі экспедицияны басқарды. Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып. Ғылыми еңбектер жазды. «Еңбекші қазақ» газетіне абсшылық жасаған кездері міне осы қызметте жүрген кезбен тұспа-тұс келеді. 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысының 10 жылдығына орай, 1926 жылы Жетісудағы Қарқара көтерілісіне қатысқандарды мәңгі есте қалдру мақсатында көтерілісшілер жиынын өткізген, кейін «Ереуілтөбе» атанып кеткен жерге ескерткіш орнатпақ болып, тас үйіп белгі қалдыруға басқа да қазақ қоғам қайраткерлерімен бірге қолдау көрсетеді.
1928-1937 жылы Қазақ АКСР ағарту халкомы, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының директорлығымен қатар республикалық кітапхананың директоры болды. Алматы облысындағы Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Ұлтаралық қатынасты реттеуге көп еңбек сіңірді. БКП (б)-ның ХІІ және ХІV, КСРО Кеңестерінің екінші, жетінші, сегізінші съездінің делегаты болды. 1937 жылы тамызда партия қатарынан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұтқындалды. 1938 жылы наурызда ату жазасына кесілді. 1957 жылы сегізінші маусымда ақталды. Қазақ ақыны Кенен Әзірбаев Жандосқа арнап өзінің «Оразжан» әнін шығарған. Республикамызда оның есімі көптеген елді мекендерге беріліп, алматы қаласына бір көше Жандосовтың атымен аталып, ескерткіш қойылған.