Орал қаласының моделі Даяна Әбдірахманова Қазақстан атын Египетте өтетін Top Model of the World байқауында танытатын болады. Бұл жөнінде модель Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында мәлім етті.
Өз оқуын алдыңғы жоспарға қойған Даяна мұндай ұсыныстардың көбінен бас тауртуына тура келген. Ол қазір Мәскеуде "Телекоммуникация" мамандығында білім алуда.
Айта кетерлік бір жайт, "Top Model of the World" байқауының әлемдік fashion-индустрияда мәртебесі жоғары. Байқауға қатысушы қыздар онда үш дәстүрлі кезеңнен өтеді: суға түсетін және кешке арналған көйлектермен сән көрсету, әділ-қазы алқаларының сұрақтарына жауап беру.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: season.kz