АҚШ президенті екі қызы он жасқа толмай тұрғанда, оларға мынадай отбасылық қағида орнатып берген екен:
Орынсыз өкпелемеу, жанжалдаспау немесе басқаларды жек көріп, келеке етпеу; Сөзсіз төсек-орнының тазалығын мұнтаздай етіп ұстау. Тек сырттай қарағанда ғана таза етіп көрсетуге болмайды; Өз жұмысын өзі істеу. Мысалы, арпа жармасын жуу немесе сиыр сүтін құйып ішу, көрпесін өзі жинау, сағат қоңырауын өз қою, ұйқыдан өзі оянып және киімдерін өзі кию; Ойыншық үйін тап-таза етіп ұстау; Әке-шешесіне көмектесіп, отбасы шаруасын ортақ арқалау, әр аптада бір АҚШ долларын жұмсау; Туған күн немесе жаңа жыл мерекесінде аса сәнді тарту-таралғы ұсынбау және салтанатты қонақасы бермеу; Әр күні кешкі сағат сегіз жарымда шырақты сөзсіз өшіру; Жұлдыздарға табынбау.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: fanpop.com