Нұржамал Үсенбаева әлемдегі 21-ші адам болып "Golden Europe" иегері атанды

Нұржамал Үсенбаева әлемдегі 21-ші адам болып "Golden Europe" иегері атанды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұржамал Үсенбаева мәдениет саласындағы ерен еңбегі үшін Еуропалық өнер одағының «Golden Europe» сыйлығымен марапатталды.

Әлемде тек қана жиырма адам "Алтын Еуропа" мүсіншесінің иегері атанған екен. Енді олардың қатарына қазақстандық опера патшайымы қосылды.

Ол қараша айының төртінші жұлдызында Прагада өткен қайырымдылық гала-концертінде өнер көрсетті. Концерттен түскен қаржы қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалатын көрінеді.

Жұлдызды чех консерваториясының таңғажайып акустикасы қайран қалдырған. Ол бір сөзінде: "Кештің бағдарламасында Доницетти, Верди, Россинидің туындылары болды. Талғампаз еуропалық көрермендерге Русалканың ариясы ерекше ұнады. Бұл туындыға аса жауапкершілікпен қарадым. Аталған арияны чех тілінде орындағым келді. Еңбекті көп керек ететін жұмыс жемісін берді – Антонина Дворжактың шығармашылығын бағалаушылар мені сахнаға екі рет шақырды", – деген екен.

Қазақтың аяулы қызы Нұржамал Үсенбаеваны мәртебелі сыйлығымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілегіміз келеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:newskaz.ru,news.allinfo.kz