- Негізгі бет
- Тұлға
- Нобель сыйлығының иегері...
Нобель сыйлығының иегері Даниел Карлтон Гайдузек: "Ойдан ой туады"
Нобель сыйлығының иегері, америкалық ұлы ғалым Даниел Карлтон Гайдузектің газетке берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз.
18-19 жасқа толған кезімде, танымал адамдардың басқа да танымал адамдар сияқты ойлайтынын түсіндім. Бұл ойым сөйлей алмайтындарға да қатысты. Көп сөйлемейтін адамдар да бар, кейбіреуі, тіпті, саңырау. Ондай жарқын адамдар айналаға тап өздері сияқты жарқын ойды шашады. Лайнус Полингтің ойына толық қосыламын, ол ойымыздың қайнарын іздеудің қажеті жоқтығын айтып еді. Сіз бәріне: "Ей, сіздер менен шыққан газды жұтып отырсыздар" деп айта алмайсыз ғой. "Бұл ой ең алдымен менің басыма келіп еді" деген сөзді естіген кезімде қапшыққа өз қоқысын салып, жинап жүрген адамды елестетемін. 1940 жылдары біз өз идеялары мен өз теориялары жайлы айтқандарды күлкіге айналдыратынбыз. Оларды "қоқыс жинаушылар" деп атадық.
Идея жайлы сөйлер болсақ, мен бір нәрсені нақты білемін. Ғылым мен өнер саласында маған жасық, ынжық адамдар ұнамайды. Мен Лайнус Полинг (Нобель сыйлығын екі рет алған америкалық химик, - ред.) сияқты адамдармен бірге жұмыс істегенді құп көремін. Өйткені ондай адамдар ой құшағында жүреді және ойын нақты, тұщымды айтады. Рас, ойлары көбіне қате болып жатады. Бірақ олар қате тұжырымнан дереу арылып, жаңа ойға ие болады. Тағы бір нәрсені баса айтқым келеді: Түрлендіруге келмейтін идеяның құны көк тиын.
Р. Роза