Нобель сыйлығы бүгін табысталды

Бүгін Стокгольмде Нобель сыйлығын табыстау рәсімі өтіп жатыр. Дәстүрлі түрде өтіп отыратын осынау сыйлық швед өнертапқышы Альфред Нобельдің туған күнінде өтеді.

Ал Швеция королі лауреаттарға медальдар мен дипломдарды тапсырып жатыр. Әр аталым бойынша нобельдік қор 8 миллион швед кронын (1 миллион 200 мың доллар көлемінде) тапсырады.  

Бұдан бұрын классикалық музыка ойналып, Стокгольм концерт залы қызған болатын. Жас скрипкашы-виртуоз Рэй Чен мен неміс пианисі, дирижер Кристоф Эшенбах бастаған оркестр Бетховен, Брух, Малердің туындыларын ойнады.

Мо Янь:

- Бұрын Пекинде велосипедпен серуендейтін кезде мені ешкім танымаушы еді. Ал жақында екі қыз жүгіріп келіп, өздерімен суретке түсуімді өтінді. Әлемдік даңққа бөленудің не екенін сездім... 

 

Синъя Яманака:

- Мен жас ғалыммын. Сондықтан да жастарға айтарым, күтпеген нәтижеден қорықпаңдар, бұл ғылымға жаңалық енгізудің бір жолы...

 

Джон Гердон:

- Ал мен жастарға айтар едім, сендердің мансаптарыңды өсіретін жұмыспен емес, шын мәнінде қызығатын дүниемен айналысыңдар...

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rus.ruvr.ru, nanonewsnet.ru