Никита Пресняков қазақ қызына үйленбек

Алла Пугачеваның сүйікті немересі Никита Пресняков қазақ қызымен өмірлік дәм-тұздарын бірге жарастырмақ.

Әзірге, некелесу күні айтылмай отыр. Бір білетініміз, Никита алдағы тойдың бар құпиясын жан баласына ашпай отырған көрінеді. 

Никита Пресняков пен Орал өңірінің тумасы Аида Қалиева екеуінің арасындағы махаббат, той туралы әңгіме бұрыннан өрбіп келе жатыр. Алайда, қос ғашық жандар хабар беруге асығар емес.

Айта кететін болсақ, қазақ қызы Кристина Орбакайтенің баласымен Нью-Йоркте кинематография мектебінде оқып жүргенде танысқан.

Ғашық жұптар 2010 жылдың Бекмамбетовтың киносының тұсаукесерінде бірінші рет бірге көрінген. Кейіндеу барып ұл мен қыздың ата-аналары арасында достық орнапты.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы  Алматыда өткен пресс-конференцияда Никита дәл қазір үйленуге асықпайтынын хабарлаған еді. Өзінің айтуы бойынша, үйленуге үлкен ой-толғаныспен бару керек екен.

сурет:ews.nur.kz

Дайындаған: Фараби  Арыстанбек