Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы қазақстандық танымал шоумен Мұрат Мұтырғановтың басшылығына қарсы шығып отыр, дейді КТК телеарнасы.
Гимнасттар мен күрзімен ойнайтындар, арыстан баптаушылары мен қыларқанда жүретін әртістер Мұраттың цирк директоры орынбасары қызметіне тағайындалғанынан бастап жұмыстарының нашарлап кеткенін айтады. Ұжымның айтуынша, Мұтырғанов басшылыққа келгелі бері әртістер гастрольдік сапарларға баруды қойған, ал өзі қоғам алдында шоу жасайды, бастық бола алмайды екен.
Бұған дейін қызметкерлер басшылыққа бұл туралы айтып, кірген екен. Нәтижесінде Мәдениет басқармасына Мұтырғановтың үстінен қызметтен босату туралы арыз түсіпті.
Уәлихан Шалабаев, Мемлекеттік циркінің көркемдік жетекшісі:
- Ол тәрбиесіз әрі ақылсыз адам. Орта деңгейлі өнерпаз. Ол өзін Юрий Никулин, ал тіпті Чарли Чаплин, Олег Поповтармен салыстыратынды шығарды. Мұтырғанов секілді қызметке лайықсыз адамдардың ұжымда болғанын қаламаймыз.
Мұтырғанов мырза бұл жиынға қатыспаған. Бұл мәселе туралы клоун халыққа тек күлкі мен қуаныш сыйлап жүргенін, ал қалған сөздің бәрі де көп сөз екенін айтады.
Мемлекеттік цирк директорының орынбасары:
- Біз бәріміз де бір-бірімізбен доспыз. Мұндай мәселенің қалай шыққанын түсінбей отырмын. Бала кезімнен осы кісілерден тәрбие алдым. Егер маған көңілдері толмаса, бәрін қайта бір қарап шығу керек...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: gtec.com.ua