Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым,Қазақстан ғылым академиясыныңакадемигі, филологияғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-ніңеңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің бүгін туған күні. Ұлы жазушы еліміздің драматургия, мәдениет пен өнер,әдебиет, фольклор тарихына да үлкен еңбек сіңірген. Сонымен қатар студент жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуіне ерекше мән беріп, талантымен көзге түскен жастарға қамқорлық көрсету, ақыл-кеңес беру арқылы студент жастардың шығармашылық белсенділігін өлшеусіз арттырды.Шығармашылығы шыңдалған шәкірттер тәрбиеледі. Артында құнды еңбектері мен тәлімдік-тәрбиелік маңызы зор, әлі күнге дейін маңызын жоймаған қанатты сөздері ел есінде қалды. *Білім бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ әлдекімнің азығы. *Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет. *Жалынған бас қорғау емес, жағаласқан бас қорғау. *Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі. *Жақсыда жаттық жоқ. *Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек. *Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен. *Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы? *Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. *Сипат: тілі бұлбұл, аяғы дүлділ. *Не аңсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың. *Қонтайдың қалжыңы: Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмеске болмас. *Арқада жыл жақсы болса арқар ауып несі бар?! *Еккенің тікен болса орғаның балауса болмас. *Жаза баспас қадам жоқ жаңылмайтын адам жоқ. *Жауызға айтқан жақсы сөз суға жазған сертпен тең. *Дос таппаған ер азар басшы бақпаған ел азар. *Күй атасы Қорқыт. *Күйгенімнен сүйгенім көп. *Құтырғаннан құтылған. *Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас. *Шын көңілден айтылған тілекке шындықпен жауап беру парыз. *Іздессең табарсың, алыссаң аларсың.