- Негізгі бет
- Тұлға
- Мұхтар Әуезовтің қанатты...
Мұхтар Әуезовтің қанатты сөздері
Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің бүгін туған күні. Ұлы жазушы еліміздің драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихына да үлкен еңбек сіңірген. Сонымен қатар студент жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуіне ерекше мән беріп, талантымен көзге түскен жастарға қамқорлық көрсету, ақыл-кеңес беру арқылы студент жастардың шығармашылық белсенділігін өлшеусіз арттырды. Шығармашылығы шыңдалған шәкірттер тәрбиеледі. Артында құнды еңбектері мен тәлімдік-тәрбиелік маңызы зор, әлі күнге дейін маңызын жоймаған қанатты сөздері ел есінде қалды.
* Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
* Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.
* Жалынған – бас қорғау емес, жағаласқан – бас қорғау.
* Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.
* Жақсыда жаттық жоқ.
* Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.
* Адам баласының жаман құлқы – жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.
* Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса – ел болғаның қайсы?
* Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
* Сипат: тілі – бұлбұл, аяғы – дүлділ.
* Не – аңсағанда аларсың, не – қақсағанда аларсың.
* Қонтайдың қалжыңы: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмеске болмас».
* Арқада жыл жақсы болса – арқар ауып несі бар?!
* Еккенің тікен болса – орғаның балауса болмас.
* Жаза баспас қадам жоқ – жаңылмайтын адам жоқ.
* Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең.
* Дос таппаған ер азар – басшы бақпаған ел азар.
* Күй атасы – Қорқыт.
* Күйгенімнен – сүйгенім көп.
* Құтырғаннан – құтылған.
* Талай жан бар – аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.
* Шын көңілден айтылған тілекке – шындықпен жауап беру парыз.
* Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.
Н. Үсенова