Біз өткен жазбамызда Митио Какудың Петербургтегі баяндамасынан үзінді жариялаған болатынбыз. Ал, бұл сол баяндаманың жалғасы. Митио жақын болашақта адам санасы мен өмірінің қалай өзгеретіні, оған жаңа технологиялардың септігі қанша болатындығы туралы айтып өткен. Виртуалды және қосымша шынайылық туралы Біз әдеттегідей емес, виртуалды шындықта да өмір сүре аламыз. Сіз сұқбаттасыңызды ғана емес, ол туралы барлық мәліметті де көре аласыз. Өнер, ғылым, инженерлік жобалар, дизайн бұлардың бәрі екі жақтан да виртуалды және қосымша шынайылықпен байланыста болады. Мысалы сіз саяхаттап Римге келдіңіз. Қазір Рим империясынан көп жәдігер қалмаған. Бірақ көзілдірігіңізді тағып Римнің бүкіл тарихын көре алатын боласыз. Қазіргі уақытта виртуал және қосымша шынайылықтан пайдалануда бір мәселе туындап тұр. Бұл көріп тұрған зат пен ойдағы зат арасындағы теңсіздік. Бірақ, көзілдіріктерге емес көз линзаларына керекті чипті орнатса жағдай өзгереді. Бір сөзбен айтқанда көз линзаларына қандағы қант мөлшерін өлшейтін құрылғыны қазірде орната аламыз. Болашақта болса осыған ұқсас линзалармен интернетке кіретін боласыз. Бұдан пайдалану үшін көзіңізді ашып жұмсаңыз жетіп жатыр. Бұндай линзаларды кім бірінші болып сатып алатынын білесіз бе?! Емтиханға дайындалатын студенттер. Олар көздерін тынымсыз жыпылықтатып емтихан жауаптарын алып отыратын болады. Бұл білім берудегі көзқарас толығымен өзгертілуі керек дегенді білдіреді. Біз енді студенттерге ақпараттарды жаттата бермейміз. Енді студенттерден химиялық элементтердің мерзімді кестесін есте сақтауды сұрамаймыз. Оны көру үшін көзді ашып-жұму жеткілікті. Бұл білім беру тұжырымдамалар, қағидаттар мен бейнелер айналасында шоғырланады дегенді білдіреді. Қарапайым дерек, сандарды есте сақтап қалудың қажеті жоқ. Сізде кез-келген уақытта кез-келген жерде қажетті мәліметтеріңіз көз алдыңызда қалқып тұратын болады. Қосымша шынайылық пен сөйлеу технологиясының арқасында қарым-қатынас та өзгереді. Тілді білмей тұрып та шетелдіктермен титр арқылы сөйлесе бересіз. Көбіне біз қызмет пен өнімнің қанша тұратынын білмегендіктен алданып қала береміз. Енді, алдымызда қандай өнім тұрғандығы, бағасы, оны сатып жатқандар үстіне қанша қосып жатқандықтары туралы біліп отыратын боламыз. Дүкенге кіріп өзімізге керекті затты таңдап ол туралы да, шығарушы компания туралы да барлық мәліметті біле аламыз. Бірақ, өндіруші компания да тұтынушы туралы барлық мәліметті біліп отыратын болады. Адамның медицина және ұзақ өмір сүруіндегі сандық дәуірге өтуі туралы Цифрлау медицинаны қалай өзгертетінін көретін боламыз. Болашақта таблеткаға камера, чип, магнит сала аламыз. Магнит бұл дәріні асқазан мен ішекке алып барады, камера болса оны суретке түсіреді. Нәтижесінде робот чип ота жасайды. Болашақта компьютерлер денеңізге орнатылып, реал уақыт режимінде қан сараптамасын өткізе алатын болады. Денеңізде қазірдің өзінде-ақ қатерлі ісік дамуы мүмкін. Бірақ 10 не 20 жыл бойы сіз оны білмеуіңіз мүмкін. Ісік пайда болуы үшін 10 мың қатерлі ісік жасушасы керек. Алдағы уақытта сіз қандағы миллион жасушадан бір ғана қатерлі ісік жасушасы болса оны қиналмай тауып аласыз. Аталған құрылғыны осы жылдың өзінде-ақ пайдалануға болады. Болашақта біз адамдарды цифрлау үшін геннен пайдаланамыз. Жақын болашақта тері, сүйек, мұрын, құлақ, қан тамырлары т.б адам ағзаларын уақыт өте келе адамның өте үлкен, қиын ағзаларын қайтадан өсіріп шығаратын боламыз. Қартаюды түсіне бастаймыз. Бірнеше жыл бұрын бұл сыр бізге түсініксіз еді. Енді болса қартаю гендік қателердің жиынтығы екенін білеміз. Осы гендерді мәңгілік жасайтын технологиялардан пайдалана бастаймыз. Денемізге ақылды сағаттар орнатылатын болады. Егер Петри табақшасына тері жасушаларын салсақ ол 60 рет бөлініп соңында өледі. Бұл адам қайтыс болуының бір себебі. Денеміздегі биологиялық сағатты тоқтата алмаймыз. Телемераза деген фермент бар. Оны тапқан адамдар Медицина бойынша Нобель сыйлығымен марапатталды. Бұл фермент биологиялық сағатты тоқтатады. Ол бойынша сіз тері жасушаларын петри табақшасына саласыз, ол мәңлікке бөлінуін жалғастыра береді. Бірақ мәселенің тағы бір қыры бар. Әйтпесе біз баяғыда-ақ мәңгіге қартаймайтын едік. Бұл фермент адам жасушаларымен бірге қатерлі ісік жасушаларын да көбейтіп, мәңгілік етеді. Бұл жағдайда қатерлі ісік жасушалары мәңгі болып ол тынымсыз көбейіп отырады. Нәтижесінде сіз о дүниеге бәрібір аттанатын боласыз. Біз мәңгілік өмір сүру формуласын баяғыда тауып қойдық. Бірақ бізге кедергі келтіріп тұрғаны қатерлі ісік жасушалары. Телемареза адамның сау жасушалары мен бірге қатерлі ісік жасушаларын да мәңгіге жасартырады. Егер ықтиат болмаса телемареза сау жасушаны қатерлі ісік жасушаларына айналдырып жібереді. Ақыл, брейннет және адамның сандық нұсқалары туралы Адамның ақылын сандық бейнелеу туралы әңгімелесейік. Connectome Project деп аталатын жоба бар. Еуропа мен АҚШ оны дамыту үшін миллиардап долларын аямай жатыр. Бұл ұлы жоба болу табалдырығында тұр. Оның мақсаты адам миының картасын жасау. Бүгінгі күнде де МРТ суреттерін пайдаланып мидағы қан айналымын үйреніп, біз оның пайда болуындағы түрлі гиотезаларды айтуымызға болады. Мысылы адам миы жөніндегі кейбір пікірлер дұрыс екенін анықтадық. Балалар миының алдыңғы бөлігі дұрыс дамымайды екен. Сондықтан олар тәуекел ете алмайды, шешім қабылдай алмайды. Түрлі келеңсіздікке ұшырайды, ойнап жүріп от басады. Болашақта бұлардың бірі де болмайды. Себебі адам миы жоғарыдағы жоба бойынша дұрыс дамитын болады.