- Негізгі бет
- Тұлға
- Миллиардерлерді бағындырған сұлулар...
Миллиардерлерді бағындырған сұлулар
Еш уайымы жоқ бола тұра, компания ашып, роман жазып, заңгерлік практикамен айналысатын сұлулардың қатары аз емес. Талантты әрі көрікті Даша Жуковадан бастап, Араб әмірлігінің ханшайымына дейінгі аралақта олардың аттарын тізіп айта беруге болады.
Даша Жукова - Роман Абрамовичтің құрбысы. Несімен таңғалтты: Даша - кәсіпкер, журнал редакторы және сән саласындағы дизайнер. Заманауи көркемөнер мұражайын ашқан және өзіне меншікті жеке киім үлгісі бар.
Стефани Сеймур миллиардер Питер Брантқа тұрмысқа шыққан. Жақында арадағы бірнеше жылдық айырылсудан кейін бастары қайта қосылыпты.
Несімен таңғалтты: Сеймур бұрын белгілі сән жұлдызы болған. "Vogue" журналының бас бетінде суреттері шығып тұрыпты. Кино саласында да біршама табыстарға қол жеткізген.
Сальма Хайек Gucci фирмасы мен бірнеше брендтердің қожайыны Франсуа-Анри Пино есімді миллиардерге тұрмысқа шыққан.
Несімен таңғалтты: Хайек «Фрида» киносы үшін Оскар сыйлығына лайықталған болатын. Және "Аса қауіптілер" киносында басты рөлді сомдаған еді. "UNICEF" қайырымдылық акцияларына жиі ат салысып тұрады.
Нита Амбани Үндістандағы ең бай адам саналатын кәсіпкер Мукешке тұрмысқа шыққан.
Несімен таңғалтты: "Mumbai Indians" крикет командасының қожайыны. Қайырымдылық шараларымен жиі араласып тұратын көрінеді.
Флавия Сампайо осымен төрт жылдың ширегінде Бразилияның ең бай адамы Эйке Батистамен кездесіп жүр.
Несімен таңғалтты: Айдай көркімен адвокат болып келеді. Әлеуметтік проблемалардың қозғаушы күші.
Анна Войцицки Google корпорациясын жобалаушы Сергей Бринге тұрмысқа шыққан.
Несімен таңғалтты: Стэнфорд пен Йель университтерінде биотехнология мамандығы бойынша жоғары білім алып шыққан. Генетикалық зерттеулер жүргізетін бірнеше компаниялардың басшысы.
Амира ханшайым Біріккен Араб әмірлігінің ханзадасы әрі әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кіретін Аль Валид Бин Талалға тұрмысқа шыққан.
Несімен таңғалтты: Аль Валид Forbes журналына берген бір сұхбатында, Амираның алтын-жақұттарды тақпайтынын және қарапайым болып жүретінін алға тартқан. Қазіргі таңда аталған әмірліктің қыз-келіншектерімен қосылып, америкалық профессорлардан дәріс алып жүр екен.
Присцилла Чан жақында ғана Facebook әлеуметтік желісін ойлап шығарушы Марк Цукербергке тұрмысқа шыққан.
Несімен таңғалтты: Медицина саласында жоғары білімі бар. Чанның болашақтағы бар арманы - педиатр болу. Әлемнің ең бай адамына тұрмысқа шығып отырса да, той кешінде қарапайым киініп, думан кешінің дүбірлеп өтпеуін қалаған.
Люси Саутворт Google-ға қожалық етуші Ларри Пейджге тұрмысқа шыққан.
Несімен таңғалтты: Жас мөлшеріне қарамастан, Стэндфорд университетінің аспиранты саналады. Оңтүстік Африка жерінде дәрігерлік қызмет атқарып, сол аралықта Оксфорд пен Пенсильвания университетін тәмәмдап шыққан.
сурет:lifenews.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига