Карлос Слим Элу әлемдегі атақты миллиардерлер қатарына жатады. Ол байлығы асып-тасып жатса да, салауатты өмір салтын ұстанады. Мексика магнаты өзіне аптасына 24 мың доллардан артық ақша жұмсауға жол бермейді. Айтқан кеңестерінен керегін алып, қажетсізін тастаңыз.
Бірнәрсені ойыма алсам, оны орындап болғанша асығамын.
Ескі кәсіптер көнерген күйінде қалып қояды деп ойлайтындар қателеседі. Ол, керісінше, жаңа қарқындау дәуірінің бір бөлшегі болады.
Дағдарыс кезінде барлығы активтерден құтылуға тырысты, оны мен сатып алдым.
Уақытымның көп бөлігін жаңа технологияны игеруге жұмсаймын. Әлемде не болып жатқанын біліп, одан қалай ақша жасауға болатынын меңгеруім керек.
Кәсіп – чемпионат емес. Бәсекелесті басып озуды көздегенше, өз мүмкіндіктеріңізді арттыруды басты назарға алыңыз.
Байлық байлықты туғызуы керек. Түскен ақшаны инвестицияға салып, кірісті бөлудің себебі осы.
Кедейлік – өсуге арналған ең жақсы ұғым. Әлемді кедейліктен алып шығу – менің өмірлік инвестициям.
Жауапкершілік пен ымыраға келу – сәтті кәсіптің басты қарулары.
Менің көздегенім – ақша емес. Мен тату-тәтті ұжымның компаниясы алға басуын және таным көкжиегімді кеңейтуді қалаймын.
Егер өзгелердің пікіріне жаутаңдап жүрсеңіз, сіз – тірі өліксіз. Мен қалған өмірімді артымда қалған адамдар мен туралы не айтады екен деген уайыммен өткізгім келмейді.