Жұлдыз болу нағыз бақыт емес пе? Көпшіліктің махаббаты, байлық, сұлулық... Алайда олар да адам баласы. 1 қыркүйек тақырыбына орай жұлдыздардың мектепке барған кездерінің суреттерімен таныстырсақ дейміз.
Иә, жұлдыздар да мектеп партасында отырып, үздік, тентек те болған.
Сұлулықтың нышаны Анджелина Джоли әркез тартымды сәнқой ару болмаған. Өзінің айтуы бойынша, бала кезінде оның сұлулығын ешкім ерекше бағаламайтын. Энджи тыныш, қарапайым, көзге түспейтін қыздардың қатарынан болған екен. Ал мектеп қабырғасында ол психотерапевтке баратын балалар тобына жазылған-мыс.
Мадонна бірнеше ұрпаққа үлгі болған жұлдыз. Ол музыканың ханшайымы атағына әбден лайық. Бала кезінде Мадонна өте белсенді оқушы болған екен. Ұстаздары Мадоннаның біліміне риза болған. Алайда сыныптас қыздар оны құрбы қатарына жатқызуға асықпаған. Оның үздік бағаларының сиқыры мынандай екен: Мадоннаның әкесі оған әр 5-тік үшін 50 цент беріп жүрген-мыс. Сірә, поп-дива сол кезде-ақ ақшаны санай білген.
Жұбайына қарағанда актер Брэд Питт мектепте өте танымал болған. Ол қыздардың сүйіктісі, ұстаздардың бетке ұстар оқушысы, спортшы, бір сөзбен айтқанда нағыз жұлдыз болған. Қазір де Брэд дәл осы бағытта.
Ханшайым атағына ие болған Кейт Миддлтон өзіне сенімсіз, тіпті қорқақ қыз болған деседі оның сыныптастары. Жігіттердің көңіліне бөленбей, мектепте еш ерекшеленбеген екен. Алайда сол кезден бері талай нәрсе өзгерді емес пе? Қазір бұл ару журнал беттерінде ең жиі көрінетін жас ханзаданың өмірлік жолдасы атанды. Сұлу Кейттің сыныптастары қазір қандай ойда екен?
Қыздардың арманы Джонни Депп мектепте нағыз тентектің өзі болған екен. Оны тіпті тәрбиесі үшін мектептен қуып шыққан кездері де болған. Гитарада ойнауды ұнататын ол, өз группасын жинап, тіпті клубтарда ән айтатын-мыс.
Джей Ло әрине мектеп кезінен-ақ би мен ән айтумен айналысатын. Оның айтуынша, балалық жалғыз арманы кедей ауданнан көшіп кету болған. Джей Ло арманына жеткен сияқты.
Сұлу жігіт Мэтт Дэймон мектеп кездерін ерекше сағынышпен еске алады. Ол ылғи ғылыми жобаларға қатысып, мұғалімдерінің бетін жерге қаратпайтын. Достары да көп болғанына қарағанда, оның балалық шағы бақытты өткен сияқты.
Дженнифер Гарнер де мектеп кезін аңсап еске алады. Ол саксафонда ойнап, жүзу бойынша мектеп құрамасында болған екен. Театрда рөлдер сомдап, көркем үйірмесіне қатысатын Дженнифер жастайынан дарынымен ерекшеленген.
Ал сіз мектеп кезінде қандай болғансыз?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: europaplus.kz
С. А