- Негізгі бет
- Тұлға
- Майкл Джексонның бірнеше...
Майкл Джексонның бірнеше киімін Леди Гага сатып алды
Леди Гага Майкл Джексонның шынайы түрде фанаты екенін дәлелдеді. Ол жуырда ғана өткен әйгілі әншінің заттары қойылған аукционда Джексонның 55 киімін сатып алды.
Әнші аукционда Майкл Джексонның заттарын сатып алу үшін біршама шашылды. Жалпы бас-аяғы бұл аукционда Леди Гага 55 киім үшін 5 миллион доллар көлемінде ақша жұмсаған екен.
Дәл осындай әрекеті арқылы Гага әйгілі поп-әншіге лайықты құрмет көрсетуге ұмтылған. Ол өзінің туиттердегі парақшасына: «Мен сатып алған 55 киімді ұқыпты сақтаймын. Бұл әрекетім арқылы Джексонның өнері шын мәнінде құрметке тұрарлық екенін дәлелдегім келеді. Киімдер арнайы қоймаларда, мамандардың қарауында сақталатын болады», - деп жазды.
Аукционның ұйымдастырушысы Даррен Джулиананың айтуынша, сатылымнан түскен ақшаның бір бөлігі жетім қалған иттерді бағатын орынға жіберілсе, екінші бөлігі Лас-Вегастағы емханалардың біріне жұмсалады екен.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: apelzin.ru
Л. Лига