Әлемнің поп королі Майкл Джексон тірі болғанда жасы 56-ке таяп қалған болар еді. Бүкіл дүние жүзінен миллиондаған әсіре жанкүйер таба білген поп жұлдыздың оқыста қайтыс болуына не себеп болды? Оның өлімінің құпиясы неде? Осы тектес сұрақтардың жауабын табуға тырысып көрелік.
Майкл осыдан тура 5 жыл бұрын, дәл осы күні, яғни 25 маусымда өмірден озды. Лос-Анджелестің Орталық Клиникасының медициналық сараптама өкілдері марқұмның пропофол мен бензодиазепин дәрілерін мөлшерден тыс қабылдағандықтан, жүрегі көтермей қайтыс болғанын айтады. Оның жеке дәрігері болған Конрад Мюррей Майклды өз бөлмесінде өлім аузында жатқанда тауып алған.
Біз білмеуге тиіс болған оқиғаның шынайы сюжеті иллюминаттарға қатысты болған деген пікірлер де бар. Иллюминаттар бұрынғы масондардың қазіргі өзгерген бүркеншік атауы болып табылады. Ол саясат қой, оның музыка әлеміне қатысы қанша дегіңіз келе ме? Дегенмен, қатысы бар деп есептейтіндер де бар. Бүгін осы туралы әңгімелеп көрейік.
Сөздің төркіні Майклдың алғаш сахнаға шыға бергенінен басталады. Дарынды әнші, өзіндік стильді қалыптастырған поп королінің болашағы жарқын боларына құпия ұйымның өкілдері де сенімді болыпты. Иллюминаттардың ұзақ уақыт оны өз шеңберінде ұстауындағы басты мақсат болашақта Майклдың танымалдығын пайдала отырып, қоғамды бақылауға алу болатын. Нақтырақ айтсақ, оның өлеңдерінде құпия хабарламалар болған деседі. ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін Америка құрлығында афроамерикалықтардың құқығы тапталып келгенін білеміз. Театрдағы қойылымның кульминациялық бөліміндегі адамды әсерлендіріп жіберетін сюжеттегідей шынайы өмірдегі басты кейіпкер Майкл Джексон еді. Көпшіліктің сиқымына келмейтін қара тәнді адамдардың сол кезеңде жұлдыз болып шығуы ешкімнің ойына келмегендіктен, оны таныған қоғам жаңа дәуірдің қаһарманы деп білді. «Қоғамды басқарудың қажеті жоқ. Оны бағыттау керек», - деп Бенджамин Франклиннің өзі айтқандай, иллюминаттар қоғамға бағытты Майкл арқылы беріп отырған. Майклдың соңынан 13 фанатының суицид жасағаны осыған бір дәлел бола алады.
Адамның жасы ұлғайған сайын, бұйырған істі орындағысы келмейтіндіктен, мегажұлдыз Майкл да кейіннен құпия ұйымның еріксіз машинасына айналды. Еркіндік болған жоқ ...
2009 жылдың 25 маусымында Майклдан бөлек, белгілі сазгер, «SEEDS» рок-группасының соло орындаушысы Скай Сэксон мен Голливуд актрисасы Фэрра Фосеттер де құпия түрде өмірден озып, кейіннен медициналық сараптамамен соттық іс жабылған болатын. Мұның бәрі сәйкестік екеніне сенесіз бе? Олар да құпия ұйымның бұғауланған Прометейі болған болар немесе тағдыры алдын ала жазылып қойылған Ахилл болған болар. Ол жағы бізге қараңғы ...
Автор: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.apelzin.ru, www.mixnews.lv, www.starslife.ru