Фариза апамыз әрқашан да өзінің қайталанбайтын мінезімен таңғалдыратын. Мінезі әйелдің мінезіндей болмады, айтқаны заң болатын. Бірақ меніңше, өзіне сол мінезі жарасатын. Ол өзінің ешкімге ұқсамайтын қайталанбас адам екендігімен ерекшеленетін. Ол әрқашан да әділ болды, дәулеттіні де, бұқараны да жазды, жаза білді. Міне, сонысымен де оның өмірі бірде бақытты, ал бірде бақытсыз сәттерге толы болды. Мен танитын Фариза ақын көзіңе тіке қарап тұрып шындықты айта алатын адам еді.
Бұл менің ғана немесе апамыздың туысқандары үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанның қайғысы. Ол ешқашан да өлмейді, себебі өз артында мол рухани байлық қалдырды. Бір байқағаным, оны жастар өте қатты жақсы көреді, ал жастар біздің болшағымыз десек, Фариза ақынның даңқы болашақта да жаңғыра береді деп сенемін.
Фариза апамды әрқашан да сағынатын боламын. Оның сөзіне жазылған әндерді де тастамай айтып жүремін. Мен білемін, оның әндерін халық өзі сұрайтын болады, күтетін болады. Қош бол, Фариза апа!
Мақпал ЖҮНІСОВА, Қазақстанның халық әртісі