Қазақстандық актриса Линда Нығматуллина мұнан кейін отандық кинофильмдерге түскісі келетін айтты. Актрисаның сөзінше, қазақстандық режисерлер отандық кинофильмдерге түсуге ұсыныс жасаса, қуана қабыл алатындығын, бірақ та ондай ұсыныстың әлі келіп түспегенін айтады. Бұл жөнінде актриса Tengrinews.kz. сайтының тілшісімен болған сұхбатында баяндады.
«Мен қашан да қазақстандық киноға түсуден бас тарпаймын және қолымнан келгенше білек сыбана кірісетін боламын. Бірақ әзірге ешкім ұсыныс жасай қоймады. Оның себебін өзім де білмедім. Менің сыртымнан талай сөз ілесіп жүргенін білемін. Сонда да ұсыныс келіп түсеріне сенуді тоқтатпаймын», - дейді актриса.
Қазір Нығматуллина ресейлік жаңа кинофильмнің басты рөлдерінің біріне бекітілген. Фантастикалық кинофильмнің түсірілімі Мәскеу қаласында және Ирландияда өтеді. "Бұл фильм басқа планетаға айдалған адамдар туралы. Кинофильмнің желісі бойынша, болашақта басқа планеталар түрменің қызметін атқарады. Мен басты рөлдегі кейіпкерді өлтіргісі келетін жағымсыз рөлде ойнаймын. Әзірге мұнан басқа ештеңе айта алмаймын", - дейді Нығматуллина.
Нығматуллинаның айтуынша, ол түскелі жатқан кинофильмді жас режисер түсіріп жатыр екен. Бірақ режисердің есімі әзірге құпия көрінеді. "Ол өзіне нақты мақсат қойды. Онымен жұмыс жасау сәтті болатын сияқты", - дейді актриса.
Жақында ресейлік телеарналардан "Марш-бросок-2" телехикаясы көрсетілмек. Онда Линда Нығматуллина антикейіпкердің әйелінің рөлін сомдайды. "Оны біз Қырымда түсірдік. Дәл сол жерде әкем (Талғат Нығматуллин) де "XX ғасыр қарақшыларына" түскен болатын. Мен сол жерге барғанымда6 ондағылар менің әкемді көргендерін айтты. Көпшілік мұнда Нығматуллинді көрмек боп келіп, кадрға еніп қалды. Одан кейін дәл сол көріністі қайта түсіруге тура келді", - дейді актриса.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: lindanigmatulina.ru