Қызылордада Нұржан Төлендиевтен аумайтын жас әртіс тұрады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі "Ақмешіт апталығы" газетіне сілтеме жасап хабарлады.
Елімізге белгілі өнер адамына сырт келбеті аумайтын азаматтың аты-жөні - Қайрат Әбжәлиев. Ол 1993 жылы Қызылордаға қарасты Тасбөгет кентінде туған. Басылымға берген сұхбатында жас өнерпаз Мәншүк Мəметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінен актер мамандығы бойынша білім алғанын айтты. Қазіргі уақытта ол Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының əртісі болып жұмыс істейді.
Қайрат Нұржан Төлендиевке жетінші сыныпта оқып жүрген кезінен бері еліктеген. "Алғашында оның əзілдерін көріп, кейін қайталап, бертін келе ұқсай бастадым. Ұқсастық деп отырсыз, менің сөйлеу мəнерім, түр-сипатым ұқсайды. Тіпті, оны Нұржан ағамыз да айтты", - деді ол. Сонымен қатар, өнердегі ағасы Қайраттың өнерін тамашалап, жақсы деп бағалағаннан кейін ағалық ақыл-кеңесін де беріпті.
"Пародия жасаған өзіме ұнайды, - дейді Әбжәлиев, - Алдымен Елбасымызға, Əбсаттар қажы Дербісəліге, Иманғали Тасмағамбетовке, өнер иелері Уəлибек Əбдірайымовке, Нұржан Төлендиевке, əншілерден Медеу Арынбаевқа, Мейрамбек Бесбаевқа, Нұрлан Еспановқа, Заттыбек Көпбосыновқа, Қайрат Нұртас пен Қайрат Түнтековке, Сырым Исабаевқа жəне "Менің атым Қожа" атты фильмдегі Қожаға пародия жасаймын. Ал нəзік жандылардан Жанар Айжановаға пародия жасап жүрмін".
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдан белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың "сыңары" табылғаны хабарланған еді. Дауысы да, түр-сипаты да Мейрамбек Бесбаевтан аумайтын әншінің аты-жөні - Бақыткелді Мұқашұлы. Ол да өнер жолын таңдап, өнердегі ағасының әндерін айнытпай салады.
Сурет: games-now.ru, "Ақмешіт апталығы" газеті