Қызғаныш тудыратын әкелер

Қызғаныш тудыратын әкелер

Аты аңыз футболшы Дэвид Бекхэм жұлдыздардың ішіндегі ең үздік әке атанып отыр. Британдық ерлерден алынған сауалнама қорытындысы негіз болған. 

Сұхбаткерлердің жария қылғанындай, Бекхэмге деген қоғам қызығушылығы, әсіресе, Харпер атты қызы дүниеге келген тұстан бастау алған. Әке мен қыздың қыдыруға шыққан сәтінен түсірілген жан тербетерлік суреттер ыстық ықылас тудырған. 

Таңқаларлығы, тізімнің екінші сатысына Уильям ханзада тұр. Осы жылдың маусымында әке атанатын жаннан көп сенім күтілуде. 

Спорт пен әкелік парыз - ортақтасқан ұғымдар. Үздік әкелер тізімінде тағы екі бірдей футболшы орналасыпты: Уэйн Руни мен Стивен Джеррард. Және де бұл қатарда "Coldplay" тобының көшбасшысы Крис Мартин мен көп балалы әкелер тұр: аспазшы Джейми Оливер мен премьер-министр Дэвид Кэмерон.

Үздік жұлдыз әкелер тізіміне кімді қосар едіңіз?

Дэвид Бекхэм өзінің кішкентай баласы Харпермен  


Ханзада Уильям және оның аяғы ауыр келіншегі герцогиня Кэтрин.

 

Уэйн Руни ұлы Каимен


 Крис Мартин балалары Эппл және Мозеспен бірге

 

Джейми Оливер және отбасы құрамы

 

сурет:www.blogimam.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига