Өнер десе ішкен асын жерге қоятын жандарға Фрида Кало есімі жақсы таныс. 1907 жылы Мехико қаласында дүниеге келген суретшінің шығармашылығы ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Оның суреттерінің көпшілігі автопортрет жанрында салынған. Сол автопортреттерінен бар болмысын көресіз. Маңдайына тауқыметке толы қиын тағдыр жазылған дарын иесінің сырт келбеті де оның ішкі жан дүниесі секілді тым ерекше.
Жақында ғана ғаламторда Фриданың өнерсүйер қауым бұрын-соңды көрмеген жаңа суреттері пайда болды. Олардың көпшілігі суретшінің жас шағынан сыр шертеді. Фотосуреттер 1922 жылы National Preparatory School мектебінде түсірілген.
Қиялшыл Кало ол кезде дәрігер болуды армандаушы еді.