- Негізгі бет
- Тұлға
- Көше кезген әйгілі...
Көше кезген әйгілі жандар
Өздері тұрған биікке өзегі талып жеткен жұлдыздар қаншама. Олар жай ғана кедей болған жоқ. Олар үйсіз-күйсіз қала кезіп жүрді. Қала көшелерін паналады. Кейіндеу барып өмірлері 180 пайызға түпкілікті өзгерген. Енді олар не жеймін, не ішемін деп қайғырмайды. Бірақ, өткен күнің бәрі есте...
«Оскар» сыйлығының иегері Холли Берри жиырма жасында үйсіз-күйсіз қала жаздаған. Чикагоға кеткен қызының артынан шешесі ақша салып тұруды қажет деп таппаса керек. Содан көше кезер азапты күндер күтіп тұрыпты.
"Бақыт жолында" («В погоне за счастьем») киносы Крис Гарднердің өмір оқиғасы желісінде түсірілген. Әйелі тастап кеткен уақыттарда баласымен бірге тірнектеп өмір сүре беріпті. Ақырында, өмір жолын өзгертуге табандылықпен бет алған.
Хилари Суонк парк ішінде бой жетіп және шешесімен бірге көлік ішінде тұрған. Шешесі екеуі Беллингем қаласындағы үйлерін тастап, Калифорнияға 75 доллармен және бір қалта телефонымен аттанып кете барған. Жаңа қалада екі-үш апта бойы көлік ішінде қоныстанған.
Боевик кинолардың режиссері Джон Ву бала кезде отбасымен бірге Гонконг көшелерін түнейтін болған. 1953 жылғы қалың өртте үйлері жанып кетіп, Ву мырза жыл бойына көшеде тұруға мәжбүр болыпты.
Джим Керри бір кездері «Фольксваген» маркалы көлікте және әпкесінің үйінің есік алдындағы палатка ішінде өмір сүрген. Осы бір қиын уақыттарда болашақ актер күлегеш образын мықтап дамытып, күлкі жолына ден қойыпты.
Мектепті өз бетімен тастап кетіп, «Фольксваген» көлігінде біршама жыл күн кешкен.
Жұмыстан қуылған Джуэл бір ай бойын үйсіз-күйсіз атанып, көлік тұрақтайтын орында аштықтан өле жаздаған. Көп сырқаттана бергендіктен бір күндері жұмыстан шығарып жіберген. Онсыз да бауыры ауыратын байғұс қыз бұралып жүріп зорға аман қалыпты.
Элла Фицджеральд. 1934 жылы «Аполло» театрына жұмысқа кіргенге дейін үйсіз-күйсіз жүрген. Бүкіл атақ-даңқтың шыңында 2007 жылы көз жұмған болатын.
Келли Кларксон да бір жылдары көлігін паналап тұрған. Америкалық телешоулардың бірін жеңіп алып қана кедейліктің алдын алғанға ұқсайды.
Он жасқа толар-толмаста Чарли Чаплин Лондондағы көше өмірінің тұрақты мүшесі болған. Ерте жастағы әке өлімінен соң шешесі жынданып кетсе керек. Содан шешесін емханаға жатқызып тастаған. Ал Чаплин кішкене ғана інісімен бірге көше тұрмысының қызық-шыжығын толық көріп шығады. Әке-шешенің жолын мақұл көріп, інісі екеуі кино әлеміне бет бұрған.
сурет:pro-amour.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига