Теміртау қаласында «Көшбасшы жолы» фильмінің түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен билікке келу тарихы баяндалады, деп хабарлайды Утро.ру
Аталған фильмнің тұсаукесері ұлт көшбасшысының туған күніне орай болмақ. Фильм авторлары Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне қатысты өмірде болған жағдайлармен байланыстырылып түсіріліп жатқанын айтады. Фильм сюжетінің негізгі кезеңі 1959 және 1965 жылдар аралығы. Қазіргі уақытта трилогияның «Теміртау» атты бөлімі "АрселорМиттал Темиртау" АҚ ірі тау-кен кәсіпорнында түсірілім жұмыстары жалғасып жатыр. Дәл осында тұңғыш президенттің жұмыс жолы басталған. Ең бірінші шойынды алу, салтанатты шеру секілді кульминациялық тұстар да дәл осы Теміртау қаласында түсірілген екен. Үш бөлімнен тұратын фильмнің жаңалығы – 3D форматында көрсетілетіндігі болып отыр.
«Көшбасшы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» атты екінші бөлімі және «Теміртау» деген атпен үшінші бөлімі түсіріліп жатыр. Киноэпопея 2013 жылы толықтай түсіріліп бітеді.
Естеріңізге сала кетсек, трилогияның бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» – «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі. Аталған бөлім 2011 жылы 7 сәуірде Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында тұсаукесері өткен еді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: afisha.today.kz