- Негізгі бет
- Тұлға
- Корей кино жұлдыздарының...
Корей кино жұлдыздарының тағдыры
Кореяның көркемөнер саласы жақын жылдарда әлем назарын өзіне аударды. Ән өнерін былай қойғанда, кино саласы қарыштап дамыды. Әлемнің әр тіліне аударылған осы туындылар дүние жүзіне біраз жұлдыздарын жарқыратты.
Бірақ, мұның бәрі сол кино жұлдыздарын емес, керісінше әртістерді тәрбиелеп жетілдірген компанияларды қомақты пайдаға кенелтті. Қара термен келген еңбектің пайдасын әртістер емес, сол делдал компаниялар көріп отыр. Бір көркемөнер жұлдызын жетілдіру үшін оған әр күні қалыптан тыс өнерге жаттығу жұмыстары орналастырылады. Ағаттық жібергендерді ұрып-тілдеуге құқықты. Тіпті бет-пішінін өзгерту оталарын жасауды да талап ете алады. Себебі, келісім-шарт солай. Десе де, «Сахнадағы он минут перде артындағы он жылдық еңбекпен келеді». Осының арқасында Корея елінің жан-жақты жетілген актерлердің сомдаған бейнесі, әндері, киім үлгілері, тамақ түрлері және ұлттық мәдениеті Азия-Еуропа елдеріне танымал болды. Бұл мемлекетке және оларды тәрбиелеп жетілдірген компанияларға зор табыс әкелгенімен, көптеген әртістер атағы шығудан бұрын ешқандай да жалақы ала алмайды. Мысалы, әлемге әйгілі боп келе жатқан «Shinhwa» тобының белді мүшесі, әнші Ким Донг Ван топтың аты шыққан жеті жылдан соң ғана әке-шешесіне үй алып беруге, өзінің жеке көлік мінуге күйі жеткен. Осы топтың тағы бір белді мүшесі өз үйінің жылу ақысын төлеуге күйі жетпей қалған күндері де болған.
Жаңа әртістердің күн санап көбеюі көркемөнер саласындағы бұрынғы жұлдыздарға рухани жақтан ғана емес, материалдық қысым тудыра бастаған. Міне, осындай шындықтармен қоса, көрермендер арасында таралған өсең-аяң оларды рухани жақтан тығырыққа тіреп отырады. Мұндай қысымға төзе алмай өз-өзін мерт ететін әнші-жұлдыздар Корей елінде күн санап көбеюде. Біз үшін сырлы, бақытты сезілетін көркемөнер жұлдыздарының перде артындағы өмірі біз ойлағаннан мүлде өзгеше...
Өз-өзіне қол жұмсап, жер құшқан танымал жұлдыздардың суреттері:
У-Нии
Чжэн Бинь
Чо Джин Сил
Ан Цэ Хуан
Чжан Кай Cуд
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baike.com, news.cctv.com, ent.sina.com.cn
Қ. Қауымбек