- Негізгі бет
- Тұлға
- Комикстер көрмесі енді...
Комикстер көрмесі енді Астанада өтіп жатыр
Астана қаласында Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Жай ғана блог емес» атты қазақ баласы мен француз суретшісінің достығын бейнелейтін көрме өтіп жатыр. Комикстер иллюстраторы бұл жолғы көрмені Николя Журну Бақытжан есімді қазақтың мүгедек баласымен бірге өткізуді ұйғарыпты.
Іс-шара Қазақстандағы Франция елшілігінің «Күзгі таныстық» атты француз мәдениеті фестивалінің аясында өткізіліп жатыр.
«Мен әлеуметтік мәселені мемлекеттік деңгейге дейін көтергім келмеді, тек мүмкіндігі шектеулі жандармен өзіміздің тең дәрежеде екенімізді айтқым келді»-дейді атақты комикс суретшісі: - Бақытжан Жұманов екеуміздің бір қарағанда айырмашылығымыз көп сияқты: мен - французбын, ол - қазақ, мен - ересекпін, ол - бозбала, менің денім сау, ол - мүгедек. Бірақ біз доспыз, ол тіпті менің авторласым». Алматы қаласында біраз өмірін өткізген Журну Казақпарат тілшісіне осылай деген екен.
Көрмеде Журнумен бірге Бақытжанның өзі де болды. Бақытжан полиомиелит ауруымен ауырады, қол-аяғы дұрыс қимылдамайтындығы себебінен ол мүгедек арбада отырады. Суретші Бақытжанның атақты футболшы болсам деген арманына комикстер салу арқылы жеткізуді ойлаған екен.
Көрме 15 қарашаға дейін жалғасады.
Алматыда өткен комикстер көрмесіне тілшіміз барып келген болатын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: kazpravda.kz
А. Құлтай