- Негізгі бет
- Тұлға
- Қолға салынған ғажайып...
Қолға салынған ғажайып суреттер
Адам қиялына шек жетпейді. Мұны адамзат баласы ықылым заманнан-ақ дәлелдеп келеді. Италиялық суретші Гвидо Даниэло өзгелерден шығармашылығының таңдай қақтырарлығымен ерекшеленеді. Ол суретті адамның қолына салу арқылы бүгінде әлемге танылып үлгерді.
Гвидо Даниэло бір суретті салу үшін 2 сағаттан 10 сағатқа дейін уақытын сарп ететін көрінеді. Бұл уақыт аралығында қол қозғалмастан тұруы керек екен.
Алғашында италиялық қылқалам шебері суреттерін қарапайым, және өз қолына салып үйрене бастаған. Әсіресе жан-жануар мен құстардың, әртүрлі қиялдағы ғажайып суреттері кейіннен әлемге таралып, үлкен қызығушылыққа ие болды. Соңынан Гвидоны көптеген жарнама орталықтары жұмысқа шақырды. Содан бастап талантты тұлғаның өнері суретшіні үлкен табысқа кенелтті.
Ал тағы да бір италиялық суретші Марио Моратти шығармашылығы да дәл осылай өрбіген. 1997 жылы өмірден өткен ол қол саусақтарына адам бейнесін салудың нағыз шебері болған екен.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
О. Сансызбай