Көлеңкедегі скульптура

Көлеңкедегі скульптура

Даниялық суретші Диет Виегман өмірінің соңғы 50 жылын түрлі металдар мен қоқыстардан өте әдемі  және ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған көлеңкедегі скульптура жасауға жұмсаған екен.

Бір көзбен қарағанда, оның жұмысы түкке тұрмайтын қоқыстардың формасыз жиынтығы болып көрінеді. Бірақ, оған қажетті ракурстан жарық сәулесін түсірер болса, металдың көлеңкесінде таңқаларлық ғажайып скульпура пайда болады.

«Диет Виегманның туындысы мені әрдайым таңқалдырады. Өзінің өнері арқылы ол көрермендерге түкке тұрмайтын заттарға басқа қырдан қарауды ұсынады», - дейді Виегманның жұмысына байланысты «Anagram» атты деректі фильм түсірген дат режисері Майк Редман.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: drunov.ru

Ж. FM