Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы Қожа Ахмет Яссауи 1093 жылы туылған. Ғұлама, әулиенің бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы Диуани хикмет (Хикмат - жинақ) кітабы. Бұл еңбектегі хикметтердің мәні, философиясының өзегі адам. Ал автор адам кемелдікке жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек және өзін-өзі тануы қажет дейді. Ендеше түркі мәдениетінде өзекті орны бар еңбектің негізінде алынып, ұрпаққа мол мұра болып қалған ойлы ой орамдарын назарларыңызға ұсынамыз. *Кекірейген кердеңдерден қаш. *Қам көңілдің қайғысына дауа бол, Жолда шаршап шалдыққанға сая бол. *Ғаріптерге көңіл бөл. *Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым. *Әмәнда сауап жаса. *Тасжүрекке құдай назар салмайды. *Жан пидасыз құр һу-һу - бәрі жалған. *Өзі, сөзі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам. *Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет. *Әуейілік, пендешілік бір жат іс. *Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай. *Не болса да сабыр қыл. *Шариғаттың шарты иман. *Күнәдан қорық. *Нәпсің тынса пейілің кеңір. *Не көрсең де Құдіреттің қалауы. *Қайғы-уайым әр нәрседе абай болуға үйретеді. *Шын мүсәпірге тақ пен бақтың өзі зындан. *Тағат қылмай өңмеңдеуден түк өнбес. *Құштарлықтың сыры алуан. *Алла дерті сатылмайды. *Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас. *Ғашықтық, құштарлық дертіне дауа болмас. *Пасық сөзден тұла бойға шаншылар мұң. *Сүйсең хақты сүй. *Нәпсі көп жүгіртіп, хақты ұмыттырады. *Кімді көрсем қызмет қылып құлы болдым. *Білгіш болсаң өзіңе, Ғашық болсаң өзіңе. *Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды. *Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер. *Жан бермеген махаббат тұрлаусыз махаббат. *Нағыз махаббат қысқа ғұмырыңды ұзартады. *Құштарлықтың бейнетіне де төзу керек. *Нәпсіңді тиғың келсе қорлыққа да көнуге тура келеді. *Ниетсіз, құлықсз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ. *Көңілің тойсын қанағатқа. *Жақсыларға қызмет көрсетіп, жақсы атан. *Ит дүниені қызықтама. *Бейнеттен қашпа. *Қызмет еленбей қалмайды. *Ғашық емес құштарына жан бермеген, Диқан емес кетпен шауып нан бермеген. Ғашықтардан жөн сұрап әуре болма. Тақуа болма, тентек болма ғашық бол. *Алланың ақ жолынан өзге жолда қайран жоқ. *Ғашық болсаң таза бол. *Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды. *Ынсапсыздар өздерін өмір бойы шәкіртке санайды. *Іші қулыққа толының, көкірегінде ары жоқтың жүрегі дірілдемейді. *Нағыз тәліп (шәкірт) кісінің іші толы дүрлерге. *Жаман тәліп зікіршіл боп төс қағар, Көздерінен жас тамбас. *Құр мақтанға құмартып, тұрғызба биік күмбездер. *Дүние фани өткінші. *Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді. *Имансыздың көңіл көнегі ешқашан толмайды. *Аштан өлер болсаң да нәмартқа міндет артпағын. *Тәубесі жоқтың көңілі арам. *Өз көркіңді өзің малдана берме. *Алланы айтып тәуба қыл, алланы ойла. *Жаны сергектің тәні сергек. *Менменнің барар жері тамұқ. *Тәкаппар тозақта күйеді. *Бетпақ болма. *Нәпсіге ерме. *Нәпсіге ерген қор болады. *Тәубасы бардың нұры бар. *Өткендердің ғибрат ісін ал ойға. *Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады. *Ғашықтық оты жан мен тәнді бірдей өртейді. *Ғашықтық ұлық базар. *Шын ғашықты көрсең қуан. *Ғашықтыққа көз жасың ғана куә. *Жеңіп кетпей жеңілтек құр құмарлық, *Аллаға аусын ғашықтың ырқы барлық. *Шынайы ынтызарлық ғашықтың бақыты. *Мен айтпадым, алла өзі уәде берген, Құтқарам деп азаптан келсе пендем. *Құштарлықсыз хақ тағаланың жүзін көре алмайсың. *Құштарлық дария түбіндегі ғауһар тәрізді. *Кердеңдік пиғылы бұзылған пасықтың ісі. *Пейіл бұзылған кезде ораза, намаз, тазалық ұмыт қалады. *Бай малына мәз. *Менмен бай құдайға да ауыз салады. *Дүниеқоңыздың ішіне шайтан кіреді. *Ақ көңіліңмен алла дегеніңді тәңірі біледі. *Не көрсең де тәңірі ісі. *Ғайбат айтып әркімдерді тілдеу надандық. *Арың сақта, болсаң да малға кедей. *Жан жылуын өшірме. *Мұратқа жолын тапқан жетеді. *Уа дариға арманмен өтер өмір. *Білінбесін мінезіңнің кілтіңі. *Жамандық ойлама. *Қиын да болса түзу жолмен жүр. *Бос үмітке алданба. *Ғашықтық жол ауыр жол. *Өзім болдым демегейсің. *Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл. *Ұстазына қызмет қылмаған надан. *Ойдағың оңай орындала бермейді. *Өтірікшінің орны тозақ. *Ойдағың оңай орындала бермейді. *Жалған сөйлеген имансыз қалады. *Ғашықпын деп көп ішінде кеуде қақпа. *Шын ғашықтық ұлы іс. *Құр қалғанды алла да құп көрмейді. *Нақақ жалаға қол қойған қазы, имамдар өздері шығарған үкімдердің астында қалады. *Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді. *Таңдап тәтті жегендер де, атлас-қамқа кигендер де, алтын таққа мінгендер де бір күн жермен-жексен болады. *Көңілі көзсіз кәззаптардан сақтасын. *Бар ықылымнан таппадым таза жанды. *Білімнен бейхабарлар алланы да білмейді. *Дінсіз жанда иман жоқ. *Бұл заманның бос кеуде шайқылары, Жиырма беске жетпей-ақ сарқылады. *Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып мәнсіз біреулерді жер-көкке сиғызбай мақтайды. *Жарым ақыл жарлылар өзгелерді иландыру үшін әулиелердің терме-нақылдарын теріс пайдаланады. *Сайқалдығы сайтаннан да асатын жүзіқаралар кездеседі. *Мұндарлардың маңына жоламағайсың. *Алланы таныған өзін де табады. *Құдайдан қорыққан ынсапшыл келеді. *Жамандыққа жақсылықпен жауап бер бұл пайғамбарымыздың өнегесі. *Жетім, пақыр, ғарыпты жебей жүргейсің: бұл пайғамбарымыздың өнегесі. *Өтірікшілерді жек көр: бұл пайғамбарымыздың өнегесі. *Адал жанды пенделерге сен: бұл пайғамбарымыздың өнегесі. *Заман азар уағында патша айналар залымға. *Тарихты білмегендер адалдық жолымен жүре алмайды. *Бәле келсе сабыр ет: бәрі тәңірінің ісі. *Мал-мүлік жидым деп мәз болма жан кеткенде кетеді. *Ата-анаң, бауырлар қайда кетті ойланшы, Төртаяқты ағаш та саған да бір күн жетеді. *Кісі ақысын жеме. *О дүниеге ешкім де саған жолдас боп ермейді. *Ғашықтың күйіп-жануы қалауы дейді құдайдың. *Ғашық бол, қалтқысыз адал ғашық бол. *Пенденің кемел жасы қырық. *Арамзамен сырлас болма, Олай етсең баспайды ісің оңға, Бастан-аяқ батумен пәле-сорға. *Ғалымдарға кітап керек, Софыларға михраб керек, Мәжнүндерге Ләйлі керек. *Дүниеге құл болма. *Мейірімі жоқ менмендерге қаспын мен. *Ақ ниетімен ақ-адал дәмін ұсынғандарға ақ пейілді бол. *Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады. *Әзәзілдің арбауына көнбе. *Тапқаның болса ғарып-пақыр, жетім-жетіслермен бөліс. *Нәпсіқұмар лас пиғылды жеңген тәңірі жолына түседі. *Қолыңнан келсе кеудеңде шырақ жандыр. *Кітап аш та мәнін ұқ. *Әділ сөйлеп, адал жүр. *Жалғанқұмар, суайт сопыны жүндей түт. *Аяқ-қолыңды жерге түсірмей мақтағандарға қуанба. *Шын сүіспеншіліктің не екенін білмеген жан жолда қалады. *Шын мүбәрак жанның бағы жанар. *Бір алладан басқа жәрдемші жоқ. *Жасырсаң ұйқы қашса, бейнет баспа. *Ойсыз, мұңсыз уақыт зая. *Тағаттылар табар рахат. *Тағат жәннатқа да жол табады. *Көңіл құсы қияндарға қонады. *Күнә дерт. *Нәпсісі үшін қыр шарлаған итке ұқсағаннан өлген жақсы. *Жарандармен қоян-қолтық араласпасаң, жылуын да сезбейсің. *Қайғы-уайым қиналтар талай жанды, Үйретер әр нәрседен абайлауды. *Мінәжатқа шын құлықсыз тұра салма. *Ғажап қой ішпек-жемек рахат үшін. *Ұрыншақтың дауы көп, Жамандардың жауы көп. *Көпке топырақтай төселіп қызмет қыл. *Қысыр сөзге жолама. *Безбүйректің сенің іштегі дертінде еш жұмысы болмайды. *Ынсапсыздарға ұят-аят деген болмайды. *Сырты сұлу, іші арам. *Тәні тәрбиелінің жаны жәннатта болады. *Ақырзаман адамдары үйлерін өрнектеуге күйкі тірлікті күйттеуге әуес келер. *Тәубасы жоқ, көңілі арам пасықтарға тар лақатта қатты азап қасіреті бар. *Күнә қылсаң тәубеңе кел. *Ғашықтық дүниедегі ең қиын түйін. *Жан-жара, көңіл нала. *Дау арам. *Ынтасыздың күні қараң. *Тойымсыздық теріс нәпсі. *Опасыз дүние жима. *Мінәжат сырын қиналған білер. *Тарихат тапқан тазарар. *Ақиқат алауы да өрттей алады. *Асылдарды әрқашан жадыңда ұста. *Мадақтар болсаң, шын асылды мадақта!