Кэти Перри "Жыл әйелі" атанды

Әйгілі америкалық "Billboard" журналы Кэти Перриді "Жыл әйелі" деп таңдап алып отыр. 

Арнаулы атақтың берілуіне әншілік өмірде сан қырымен көріне алған Кэтидің шығармашылығы себеп болған. Өздеріңіз білетіндей, осы жыл аталған әншінің «Teenage Dream» атты екінші альбомы, өз өмірі туралы түсірілген 3D фильмі және "Billboard" журналында екінші орынға іліккен «Wide Awake» атты хит-әні дүниеге келген-ді. 

"Маған адамдардың мықты әйел деп қарайтындығы қатты ұнайды. Және де осы себептен сіздер мені марапаттап отырсыздар" - деп журнал қызметкерлеріне берген сұхбатында ағынан жарылыпты.

Мұнымен қоймай, жас әнші жақын аралықты сый-сияпатқа толы (тың жаңалықтарға) жаңа альбомның тұсауын кеспек екен.

Кэти осы атаққа лайық па екен? Сіз қалай ойлайсыз, оқырман? 

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/k0BWlvnBmIE?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});

сурет:kladesss.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек