Көптеген адам жұлдыздар өзінің мінсіз көркемдігіне сенімді деп ойлайды. Алайда, бұл олай емес. Жұлдыздар да – адамдар және біз сияқты олардың да сенімсіздікке бой алдыратын кездері болады. Және біреулері бойларындағы кемшіліктерді іздеп, жасқаншақтанып жүргенде, басқалар бет-әлпетінің кемшіліктеріне байланысты әзіл айтып, барынша сенімсіздіктерін жасырып әлек.
Мысалы, Сандра Баллок бет-әлпетіне сыни көзқараспен қарайды: «Мен өзімді сұлумын дей алмаймын, ал күлгенім – қорыл мен қорқаудың ырылының арасындағы бірдеңе. Голливудқа ең алғаш келгенімде мұрнымның пішінін өзгертуге кеңес берген, тым құрығанда шашыңды бояшы деген».
Әлемдегі ең тартымды актрисалардың бірі Скарлетт Йоханссон өзінің тартымдылығына күмәнмен қарайды: «Мен түр-әлпетіме бола мазасызданбауға тырысамын. Бірақ, бәрі көңіл-күйге байланысты сияқты: кейде көзімнің пішіні басқа болғанын, немесе мұрным жіңішкерек, бойым биігірек, ал денем – жып-жинақы болғанын қалаймын. Және тартымды деген әйелдің аяғы қалайша қисық болады?»
«Сұлу бикеш» Джулия Робертс айнаға қарағанда «көзінің асты үлбіреп ісіп кеткен ұсқынсыз арық әйелді» көретінін мойындады.
Тильда Суинтон әдемілігінің емес, керісінше сұрықсыздығының арқасында танымал болғандығын айтады: «Кейде мені лифтіде, әуежайда немесе көшеде көріп қалғанда «сэр» деп шақырады. Менің макияжсыз, ұзын келбетім оларды жаңылыстырады ғой деймін. Олар мұндай түрі бар адам әйел бола алатынын елестете алмайды».
Виктория Бэкхемнің суретке көбіне байсалды кейіппен түсетінін байқаған шығарсыздар? Ол суретке күліп түссе, түрі сүйкімсіз шығатынын айтқан. Сонымен қатар стиль ханшайымы бетінің кедір-бұдырлығын және арықтығын жасыруға барын салады екен.
Мінсіз сұлу көрінетін Кейт Бекинсейл өзінің пішіні жайлы былай дейді: «Кішкентай кеуделі және домалақ құйрықты таяқ».
Бейнеклиптеріндегі Шакираның бейнесіне қарап, пішініне ұялады деу қиын. Алайда, әнші: «Мен денемнен ұяламын. Тек ішімнен ғана ұялмаймын» - дейді.
Кэмерон Диас кеудесінің кішкентай екеніне қапаланады: «Кейде кішкене өсті ме екен деп ұстап көремін, бірақ еш нәтиже шықпайды: ол бұрынғыдай кіп-кішкентай!»
Кира Найтлидің сымбатына көптеген қыздар қызығады, бірақ актриса арықтығынан қатты ұялады екен: «Журналдар қазір іш көрсету сәнде емес дейді. Кеудем мүлде жоқ болса, енді немді көрсетемін?»
Ал толық кеуделі танымал модель Кейт Аптон, керісінше, кеудесінің кішкентай болғанын қалайды екен: «Мен күнде кеудемнің кішкентай болғанын қалаймын. Қысқа топтар киюді армандаймын. Рас айтамын, кеудең кішкентай болған әлдеқайда жақсы».
Клаудия Шиффер бойының ұзындығына әлі күнге дейін жасқаншақтанады. Бір сұхбатында ол жолдасынан тым биік көрінбеу үшін биік өкшелі аяқ киім кимеуге тырысатынын айтқан.
Селена Гомес құлағының пішінінен ұялатынын жасырмаған екен: «Сіздер байқадыңыздар ма, жоқ па, білмеймін, бірақ құлағымды шашымның арасына тығып қойғанды жөн көремін».
Барлық аруларға осы жылы 80 жасқа толатын Софи Лореннің сөздерін есте сақтауды ұсынамыз: «Әдемі болу өнерінде ең бастысы – албырап тұрған бет, опаланған мұрын мен әдемі боялған көздер емес. Әдемілік – мейірімділік, даналық және бай елеспен тығыс байланысты. Бұлар болмаса сұлу әйел атануың екіталай».
Дайындаған: Анар Мұстафина