24 шілде Орта Азия және Қазақстандағы КСРО спорт шебері атағына ие болған бірінші әйел Аида Мүслімованың туған күні. Ол 1939 жылы Тараз қаласында өмірге келген. Е.Браун жетекшілігінде шахмат жолын бастап, аз уақыт ішінде көп жетістікке қол жеткізген.
Шахматшы 1992 жылы Филиппиннің Манила қаласында өткен Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында 8-ші орынға табан тіреген Қазақстан Республикасы құрама командасының капитаны болды.
КСРО чемпионаттарында екі рет (1968 – Түмен, 1969 – Челябі) чемпионы атанды. КСРО қарулы күштері, Бүкілодақтың "Д" ерікті спорт қоғамы біріншіліктерінің, КСРО халықтары VII спартакиадасының жүлдегері