Қазақтың тұңғыш спорт шеберін танисыз ба?

Қазақтың тұңғыш спорт шеберін танисыз ба?
Фото: chesspavl.kz

24 шілде Орта Азия және Қазақстандағы КСРО спорт шебері атағына ие болған бірінші әйел Аида Мүслімованың туған күні. Ол 1939 жылы Тараз қаласында өмірге келген. Е.Браун жетекшілігінде шахмат жолын бастап, аз уақыт ішінде көп жетістікке қол жеткізген.

Әйелдер арасындағы бірінші біріншілік ХХ ғасырдың елуінші жылы ғана өтті. Сол тұста Аида Мүсілімова қазақ қыздары арасындағы тұңғыш ел чемпионы атанды. Одан кейін 1958, 1962, 1965, 1966, 1968, 1972, 1974, Орал 1976, 1978 жылдары (6 рет жеке, 4 рет командалық) Республиканың 10 дүркін жеңімпазы болды.

Шахматшы 1992 жылы Филиппиннің Манила қаласында өткен Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында 8-ші орынға табан тіреген Қазақстан Республикасы құрама командасының капитаны болды.

КСРО чемпионаттарында екі рет (1968 – Түмен, 1969 – Челябі) чемпионы атанды. КСРО қарулы күштері, Бүкілодақтың "Д" ерікті спорт қоғамы біріншіліктерінің, КСРО халықтары VII спартакиадасының жүлдегері

@. @assel_assanova