Кореяда брейк-данс R-16 бойынша өткен әлем чемпионатынан Астана бишілері кеше елге оралды. Іріктеу кезеңінде Орталық Азия мен Кавказ арасынан үздік шыққан қазақстандық бишілер Сеул қаласында болатын әлем чемпионатына шақырту алған еді.
Бұл жарысқа Америка, Орталық Азия, Тайвань, Қытай, Голландия және Кореядан келген 8 үздік бишілер командасы өз бақтарын сынауға келді. Алайда жарыс ұйымдастырушылары тек екі жүлделі орын қарастырған екен. Соған қарамастан қазақстандықтар екі жүлденің бірін өз қанжығасына байлап үлгерді (екінші орын) және де бишілер Астана қаласына медаль, мақтау қағазы және бес мың долларлық сыйақымен оралды. Ал АҚШ-тан келген бишілер чемпионаттың басты жүлдесін иеленді.
Енді астаналық брейк өнерінің шеберлері ағымдағы жылдың қараша айында болатын Poty-20 халықаралық чемпионатына дайындық жүргізуде. Айта кетсек, ол жарыс Франция елінде өтеді.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: ibboy.ru