- Негізгі бет
- Тұлға
- Қазақстандық әнші Техас...
Қазақстандық әнші Техас штатының құрметті азаматы атанды
Қазақстанның танымал әншісі Мәдина Сәдуақасова АҚШ-тағы Техас штатының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды "Время" газеті.
Мәдина аталған елде "Жібек жолы" атты мәдени шарада басқа да өнер жұлдыздарымен бірге өнер көрсетіп жүрген гастрольдік сапарында көрермен көзайымына айналып, "құрметті азамат" атағына лайықты болған екен. Ол концерт кезінде қазақша әндерді айтқан.
«Жібек жолы» фестивалі 4 қазанда Стаффорд мәдени қалашығында (АҚШ, Техас штаты) бастау алған. Бірінші күннің өзінде шараны қызықтау мақсатымен келген адамдар саны 7000-ға жеткен. Түркі мәдениетін насихаттайтын халықаралық TURKSOY ұйымының мұрындық болуымен өтуде. Шарада Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінен халықтық-қолданбалы өнер шеберлері мен әртістері өнер көрсетеді.
Отандық әншіміз, ҚР еңбек сіңірген әртісі Мәдина Сәдуақасова да осы мәдени шараға арнайы барып қатысып, әр елдің шығармашылық шеберханаларымен танысқанына өте қуанышты екенін де жасырмады.
Стаффорд мәдени қалашығы
Әзірбайжан әншісі Севинч Гусейнли де түркі халықтарының бай мәдениетін айта келіп, әр халықтың салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алғанына ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ұйымдастырушылар болса, өз кезегінде бұл іс-шараны дәстүрлі түрде өткізіп тұруға уәде берді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com
А. Құлтай