Қайран, студенттік кездер-ай...

Қайран, студенттік кездер-ай...

Танымал әртістердің сәтті болуы дарыны мен еңбегіне байланысты. Бірақ олар туғаннан жұлдыз болған жоқ қой. Олардың студенттік шағы туралы не білеміз?

Мадонна - балерина

 

 

25 лучших университетов мира

53 жасар Мадонна әлемдегі ең үздік университеттерінің бірі - Мичиган университетінде классикалық хореография мамандығында оқыған. Балерина болуы әбден мүмкін болған жұлдыз, курстағы ең жақсы студенттердің қатарында болған. Алайда ұстазы оның классикалық хореографияны тастап, биші болуына кеңес берген

Леди Гага - мәдениет маманы

 

The Monster Ball - Poker Face revamped2-tweak.jpg

 

 

Самые большие университеты

Леди Гаганың болашақта мұндай ерекше болатынын ұстаздары білмеген болар. "Киелі жүрек" монастырьға қарасты қыздарға арналған жабық мектепті аяқтаған Гага, Нью-Йорк университетінің Мәдениет мектебіне түсті. Сол жерде мәдениет маманы атанған Гага қазірде басқа жағын көрсетуде.

Қарлығаш Мұхамеджанова - заңгер

Жас актриса еліміздің ең үздік заң академиясын тәмәмдап, АҚШ-та екі жыл осы мамандықпен оқыған екен. Алайда дарын мен қызығушылық бәрін өз орындарына қойды. Енді ол актерлік шығармашылығын тастамайтынына кепіл беруде.

Фархад Абдраимов - аспаз

Фархад Абдраимов

 

Алматинский технологический университет. Фото с сайта almadf.kz

Алматы технологиялық университетінің қоғамдық тамақтану технологиясы мамандығында оқыған Фархад ағамыз, мейрамхана бастығы болып жұмыс жасап та үлгерген. Тамақты дәмді даярлау әрине ешкімге артық етпейді.

Айқын Төлепберген - полиграфшы

Жас әншінің бір емес, екі жоғары білім жайлы дипломы бар. Біріншісі - танымал Политехтегі полиграфшы мамандығы болса, екіншісі - менеджмент. Айта кетсек, Айқын екінші оқуына әнші жолын бастағаннан кейін түсті. Айтпақшы, Айқын ән айтуды сол студенттік шақтан бастаған екен.

Ал сіз қай оқу орнында оқыдыңыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: science.compulenta.ru, yesway.ru, univer.kz

С. А