Венгриялық шебер бос уақытында кішігірім мүсіндер жасаумен айналысады. Оны жасау үшін оған аспаннан не жердің астынан ештеңенің де қажеті жоқ. Ол қолда бар дүниелерден өзгенің ойына келе бермейтін ойлы зат жасап шығарады. Мысалы, қарапайым қарындаштың өзінен талай дүниенің басын қайырған ол бүгінде аса танымалдылыққа ие болуда. Қарындаштан мүсін жасау үшін оған жіңішке ине, жіңішке пышқы, ұсақ егеуқұм қағазы, сенімді жүз және т.б майда-шүйде құрал-саймандар керек. Ол қарындаштың өзегін бүлдірместен, оның ұшынан бір мүсінді жасап шығарады. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға автордың қарындаш өзегінен жасаған кішігірім мүсіндерін ұсынбақпыз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: re-actor.net