Қазақтың біртуар тұлғасы, ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған ұлт мақтанышы Қаныш Сәтбаевтың өлшеусіз еңбегін бүтін қазақ жұртшылығы ешқашан ұмытпасы хақ. Ұлтымыздың кейбір белгілі тұлғаларының жары орыс ұлтынан болғандығын бірі білсе, бірі білмейді. Ұлт мақтаншы, академик Қаныш Имантайұлының жары Таисия Алексеевна Сәтбаеваға жазған хатына зер салып көріңіздер.
"Сүйікті Тася! Соңғы хатыңызды алдым. Көңілімде жабырқау туғызғанын жасырғым келмейді. Өзіңіз жазғандай, "күту және әрқилы шырғалаңдар" Сізді де қажытып, қамығуға душар еткенін, әрине, түсінемін. Сөйтсе де, біз бір жәйтті мойындауға тиіспіз: өмір — күресу мектебі, оған көрген түстей жеңіл-желпі қарауға болмайды; ғұмырымыздың алғашқы кезеңінде осындай жағымсыз жайттардың кездесуі әбден ықтимал. Бұларды мен сөзсіз болуға тиіс құбылыстарға саямын және алда да кездеседі деген ойдамын.
...Өзіңізге мынандай: "Мен онымен бірге жүріп, өмір ұсынар әр түрлі қиыншылық пен шырғалаңдарды бірге кешуге әзірмін бе?" деген сұрау қойыңыз. Менің тұлғамды, ойлаймын, Сіз жеткілікті білесіз: мен қазақпын — жаратылысым да, жаным да қазақы; ой-түсінігім бойынша да қазақпын; алдағы өмірімді тек қана туып-өскен Қазақстанда өткізбекпін. Бұл жолда ай сәулелі армандарға беріліп асқақтаудан адамын; сондай-ақ сөзсіз кездесер қиыншылықтардан да алабөтен безінгім келмейді; жан тыныштығын да шат-шадыман тұрмыстан гөрі рухани күреспен өткізгенді жөн көремін; сол үшін де тұрмыстың жайлы күйтінен бас тартып, Қазақстан қиырын кезіп, өмір-бақи кен іздеуге де әзірмін…"
Мәскеу, 8.02.1927 ж