- Негізгі бет
- Тұлға
- Канье Уэст АҚШ...
Канье Уэст АҚШ тарихындағы ең бай қара нәсілді атанды
Bloomberg басылымның хабарлауынша рэпер және сән бизнесінің иесі Канье Уэсттің табысы ресми ақпараттар бойынша 6,6 миллиард долларды құрайды. Осылайша ол Америка тарихындағы ең бай қара нәсілді атанып отыр.
Өткен жылы Уэст Yeezy аяқ киім және киім бренді мен Gap компаниясымен бірнеше жылға созылған келісімшарты арқылы ресми түрде миллиардер атанған болатын. Business of Fashion ақпараты бойынша Yeezy бренді 3,2-4,7 миллиард долларға бағаланған. Yeezy Gap жаңа топтамасы жазда жарыққа шықпақ. Келісімнің бастапқы сомасы шамамен 970 миллион доллар.
Уэст — Yeezy компаниясының жалғыз басшысы. Оның жеке табысы бизнесімен және қосымша активтерден түскен 1,7 миллиард доллармен байланысты. Оның ішінде өзінің әйелінің бизнесіне салған инвестиция да бар. Одан бөлек, оның музыкадағы альбомдары 110,5 миллион доллар шамасында табыс әкелген.
Бренд Yeezy пандемия кезіндегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, қажетті қаражат таба білді. Өткен жылмен салыстырғанда Adidas компаниясымен бірлесе сатқан өнімі 31%-ға артқан.
Т. Есқали