Ақын, ойшыл, ғұлама ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұн (Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни)өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Ал, оның есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында Құтты білік дастаны арқылы қалды деуге болады. Сонымен қатар Жүсіп Баласағұн философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына да зор үлес қосқан.Бүгінде ойшыл ғұламаның көптеген қанатты, нақыл сөздері ел арасына кеңінен тарап, терең сіңіп кеткен. Ендеше ойшылдың ойға ой қосар қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. БАСЫ*Жақсыдан шарапат. *Өз пайдаңды ойлама ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде. *Жаман мінез жау қылмағанды қылар. *Ізгілердің ісі игі. *Жақсының тілегі таусылмайды, жаманның мұңы бітпейді. *Жаманға жуыспа. *Балдың да уы бар. *Жақсы жақсы тілек тілейді, жаман күнде қарғап-сілейді. *Ескірген нәрсе ескі көрінер. *Іріген ауыздан шіріген сөз шығады. *Түсі игіден түңілме. *Жазасын тартпайтын жамандық жоқ. *Әділ сөз ащы көрінер. *Әділ заң тірегің. *Әділдік жолын өзің аш. *Әділдік әкімдіктен де күшті. *Ғайбат істің өлшемі өкініш. *Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады. *Аққа қара тез жұғар. *Сенім қазына-байлықтан да артық. *Ала жіпті аттама, жазықсыз қан төкпе! *Бос жүрме, босқа жүгірме! *Айласын асырған арыстан да алар. *Кісіні ісінен таны. *Бір істі екі кісіге тапсырмас болар. *Кемеге мінген теңізге шығады. *Не істесең де ықтиярыңмен істе. *Асығыс түбі өкініш. *Асыққан кешігер. *Тілі мен нәпсісін тия білген қасиетті бойына жия білер. *Шүкіршілік қылғанға шыр бітер. *Ұстамды бол, сабыр ет! *Шыдамдының айы оңынан туар. *Сабыр етсең ісің оңға асады, шүкір қылсаң жамандық та қашады. *Ұстамсыз бәлеге ұрынар. *Әр нәрсенің шегі бар. *Біреуге алтын-күміс бер, біреуге атақ-біліс бер, біреуге тек жұмыс бер. *Кірісіне қарай шығысы. *Құт кірген қақпаны жұрт қаумалар. *Бағы ашылған адам бәріне ұнайды. *Өмір күшті, өлім одан да күшті. *Тағдырың бүгін мұнда, ертең анда айдайды. *Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі. *Бұл дүние көлеңкедей ойнайды: қусаң қашар, қашсаң сенен қалмайды. *Өткен өмірді қайтара алмайсың. *Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан, *Оны қуып несіне адам құмартқан?! *Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі өмірге қарай ашылады, екіншісі өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам екінші есікке де енеді. *Жатқан тұрар, көтерілген отырар, жарық сөнер, жүрген кісі тоқтар. *Бұл өмірді беріпті ғой азапқа қызық қуып, бос өткізіп азайтпа! *Бұ жалған бергенін алар, жиғаныңды шешер. *Адам өмірі қылдан нәзік. *Дүние сарай, адам керуен. *Өлім ғибрат. *Өлім келсе өкінбей-ақ бара бер, Зарлағанмен естімейді қара жер. *Кісі өлер, сөз қалар. *Тірі адам табылар. *Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді. *Өмірдің гүлі жігіттік шақ. *Балалық өтті дегенше жігіттік жетті десеңші. *Жаның шықса да жақсы үмітіңді жоғалтпа. *Өлшеп берген талқан да таусылады. *Тоқ та кетер дүниеден аш та кетер. *Ажалсыз ерге өлім жоқ. *Жастық шақ өкінішпен өседі, қайратты қарт тыныш өмір кешеді. *Тіл елшінің қылышы. *Сөз ойдың суреті. *Алтын-күміс жиған адам бай емес сөз жиған адам бай. *Сөздің де уы бар. *Тіл қылыштан да өткір. *Тамақ тәнге, сөз жанға. *Ақылды аз сөйлер. *Тіл мен сөз көңілдің айнасы. *Қыңыр сөз күйдіргі. *Ақыл мен білімнің тілмәші тіл. *Тіл арыстан күзететін босаға. *Әдемі сөйлеген кісінің ісі де әйбәт. *Тура жолға ғалым бастар. *Тіл сырласар, өсек сыбырласар. *Надандық деген ауруды тәуіп емдей алмайды. *Білімдінің аты өсер, білімсіздің аты өшер. *Біліксізге төр де төмен көрінер. *Білік бағасын білікті білер. *Жұрт екіге бөлінер: түсінбегені өлік, түсінгені тірі. *Біліктінің ісі байыпты. *Танымы зор тамұқтан да құтылар. *Адамды білім сақтайды. *Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді. *Көңіл терең теңіз, білім тереңінде жатқан інжу-маржан. *Қылыш елді күзейді, қалам елді түзейді. *Қанша ұлы болсаң да бәрін білемге малданбағайсың. *Дананың сөзі наданның көзі. *Ашу қысса аузыңды жап. *Қадірі асқан қартаймас. *Жай адамға бай адамның жүгін артпас болар. *Тақ пен бақ бір емес. *Бақыттың да басы айналар кез келер мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.