Әлемдік сұхбат алу шебері, америкалық тележурналист Ларри Кинг "Кіммен қалай сөйлесу керек?" деген сұраққа жауап береді. Тек журналистерге емес, кез келген адамға танымал тұлғамен сұқбаттасу сәті бұйыруы мүмкін. Сол себепті өзімізді қалай ұстап, қандай әңгіме өрбітуге болатынын бәріміз біліп жүрген жөн.
«Кім? Не? Не себепті?» деген қарапайым, қысқа да нұсқа сұрақтар сіздің ең жақын достарыңыз болсын, себебі кез келген жерде іске жарайды. Ақымақ сұрақтар қоюға қорықпаңыз, сізге қызықты көріген жайт өзгелерге де қызықты болады.
Сізге берген жауабын қалт жібермей, мұқият тыңдаңыз, сонда қитұрқы сұрақтар өздігінен туады.
Не сұрарыңызды білмесеңіз: «Немен шұғылданып жүрсіз?» деп сұраңыз. Жеке өмірі, жетістікке жету сырымен бөліскісі келмейтін жан да бұл сұраққа қуана-қуана жауап береді. Себебі кез келген тұлға немен айналысып жүргенін айтқанды жақсы көреді.
Әрдайым сұқбаттасушыңыздың көзіне тіке қараңыз. Бірақ көзқараспақ ойнаудың қажеті жоқ.
Егер «мен» деген сөзді жиі қолдансаңыз, сұқбат алушы емес, жиіркенішті адам боп шыға келесіз.
Қашан да темірдей төзімділік керек. Бір сұраққа берілген ұзақ жауапқа да, қосымша сұрақтарға да уақыт бөліңіз.
Өз ісіңізге өзіңіз сүйіспеншілікпен қарап, айналаңыздағы адамдарды да, сізді қоршаған ғаламды да қызықтыра білуіңіз керек. Мысалы ешкім менімен бірге жолға шыққысы келмейді. Себебі кез келген кісіге «Сіз немен айналысасыз? Мамандығыңыз кім? Мына мәселе төңірегінде қалай ойлайсыз?» деп сөзге тартып жүремін.