Қалыптасқан пікір бойынша танымал адамдар тек өз пайдасын, табысын ғана ойлайды. Осыған қатысты сіз білмеген бірнеше қызықты деректерді ұсынамыз.
Колин Фаррелл. Торонто қаласында «Рекрут» фильмінің түсірілімі болып жатқанда радиожүргізуші егер кімде-кім Колин Фаррелді радиостанцияға ертіп келсе, сол адамға өз қалтасынан 1000 доллар беретінін жариялады. Бұл актерге ұнамағанымен, ол Дэйв есімді баспанасы жоқ кісімен келісіп, радиостанцияға өзін ертіп баруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, Дэйв 1000 долларға ие болған. Бірнеше жыл өткен соң Колин Торонтоға оралып, Дэйвті тауып алады. Онымен бірге дүкен аралап, мейрамханада тамақтандырып, пәтер мен тамаққа жеткілікті ақша берген екен. Осыдан кейін Дэйв аяғына тұрып кетті.
Зак Галифианакис. Зак Голливудтың танымал актері атанудың алдында Санта-Моникадағы кір жуатын үйге жиі барып тұратын. Ол сол жерде тұратын көмекші болып қызмет жасап жүрген Элизабет «Мими» Хайст есімді кісімен танысып, тіпті, достасып алған еді. Өзі түскен фильм жақсы табысқа жетіп, көрермен ықыласына ие болған соң Зак ол жерге бармай кетті. Алайда 87 жасар Элизабеттің баспанасыз қалғанын білгенде көмектесуді шешті. Оған пәтер жалдап берді де, барлық шоттарын төлеп тұрды. Оған қоса өзі түскен фильмдерінің премьераларына ертіп барып жүрді.
Рассел Брэнд. Жұрттар Расселдың Лос-Анжелес қаласында баспанасыз адамдармен әңгімелесіп тұратынын жиі көреді. Рассел оларға тамақ, киім, ақша береді де, онымен қоса керек жерлеріне көлігімен апарып тастайды екен. Соңғы кезде ол Ұлыбританияда тұрып жатқандықтан, құны 3,4 миллион доллар тұратын үйінің есігін «баспанасыз достарына» ашып қойған екен. Оларға Рассел өзінің досын бас-көз етіп қойған және оның айтуынша олар үй кинотеатрымен теледидар қарап, бассейнге шомылып демалыспен уақыт өткізеді.
Том Круз. 1996 жылы Том Круз жас қыз құрбан болған көлік апатының куәсі болған. Көлік жүргізушісі тоқтамай, қашып кеткендіктен Том тоқтап, жедел жәрдем шақыртып, зардап шеккен қыздың қасында болып, тіпті, жедел жәрдем көлігінің соңынан еріп, емханаға да барған. Қыздың шотты төлейтін сақтандыруы жоқ екенін білгенде, өзі төледі. Шоттың құны 7000 доллар көлемінде еді.
Жақсы, игі іс жасасаңыз, сізге де жақсылықпен қайтып келетінін ұмытпай жүргейсіз, достар!
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: content.ru