- Негізгі бет
- Тұлға
- Жерар Депардье салықтан...
Жерар Депардье салықтан жалтару үшін «байлар ауылына» көшті
Француз кинематографиясының жұлдызы Жерар Депардье Бельгияның Нешэн қаласына көшті. Ауылдың бургомистрі Эстемпюис Даниэльдің айтуынша, ол жаңа тұрғылықты мекен-жайымен тіркеуге де тұрып үлгерген екен.
Жалпы Нешэн соңғы кездері «француз байларының ауылы» аталып жүр. Бұл қала Францияның Рубэ қаласынан бар болғаны бір шақырымда орналасқан. Бұл жерде салық Еуропа елдеріндегі ең төмен дәрежеде төленеді. Осы ауылда «Ашан» сауда компаниясының жұмысын басқаратын Мюлье ұрпақтарының көпшілігі тұрады. Ауыл тұрғындарының жалпы саны 2,8 мың адам екен.
Француз басылымдарының айтуынша, Депардье Отанындағы салық тым жоғары болғандықтан, елден көшуге мәжбүр болған. Соңғы кездері Франция президенті Франсуа Олланд мен оның ұжымы елдің бай тұрғындарына салықты қатты өсіріп жіберген. Сенесэланың сөзіне қарағанда, актер жергілікті билік өкілдерінен Бельгия азаматтығын алу туралы да аз-кем сұрастырып үлгерген.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: warsh.livejournal.com
Л. Лига