Ғаламтордың дамуы арқасында түрлі мүмкіндіктер пайда болды. Мысалы, кез келген адам өзінің жеке сайтын аша алады. Алайда мұны көп ешкім қолдана бермейді.
Өзіңіздің жасырын талантыңызды көрсете аласыз
Жеке сайтыңызға өзіңіздің ұнататын шығармашылық жұмыстарының нәтижесін жариялап отыруға болады. Өлең жазасыз ба, сурет саласыз ба, фотоға түсіресіз бе, маңыздылығы жоқ. Ең бастысы - қолыңыздан шыққан туынды болса жеткілікті. Қажет десеңіз, әр жұмысыңыздың барысын фото не видеоға түсіріп, қызықты етіп көрсетуге болады.
Жақсы жұмысқа орналасуға мүмкіндігіңіз артады
Қарапайым түйіндемеге қарағанда сайт сізді өзге үміткерлерден ерекшелеп тұрады әрі бұл сіздің басқалардан артықшылығыңыз болады. Түйіндемеге қарағанда сайтта сіз туралы мағлұматтар, жұмысыңызды сапасы туралы ақпараттар бар. Қазір жұмыс іздемесеңіз де сайттың болғаны дұрыс. Өйткені сайтқа байқаусызда кіріп көрген жұмыс беруші сізді қойын дәптеріне түртіп қоятыны сөзсіз.
Кәсіпқой ретінде
Жұмыс берушілер әдетте қызметкерлері туралы ақпаратты ғаламтордан іздеп көреді. Бұл қалыпты жағдай. Жеке сайтыңыз сіз туралы ақпарат толқынын реттеп, жақсы әсер қалдыруға көмектеседі. Оған қоса сайтқа өзіңіздің ұнататын жұмыстарыңыз жайлы, жақсы әдеттеріңіз бен сүйікті хоббиіңіз туралы жазып қойған артық етпейді.
Ғаламтор арқылы табыс түсіре аласыз
Алдыңызда ғаламторға қосылған компьютеріңіз болса жеке ісіңізді бастау көп уақытты талап етпейді.
Жеке сайт:
- сіздің өнімізді әлемнің кез келген жеріне жеткізуге;
- тұтынушыларға жақсы әсер қалдыруға;
- өз салаңыздағы бәсекелестерден ерекшеленуге;
- қосымша табыс табуға;
- тұтынушылармен байланыста болып, кем-кетік жерлерді түзеуге мүмкіндік береді.
Жеке брендіңізді қалыптастырасыз
Кәсіпкер болмасаңыз да жеке брендіңізді қалыптастырған дұрыс. Мысалы, мейрамханаға барғанда не саяхаттауға шыққанда өзіңізді әсеріңізбен бөлісіп, өзіңізге ұқсас жандарға платформа ұсына аласыз.
Жеке сайтыңызды есіміңізбен атаңыз. Мысалы, "Есіміңіз.kz" не "Есіміңіз.com".
Дами түсесіз
Сіз жеке сайтыңызды толтыру үшін түрлі ақпарттарды іздеп, білмейтін нәрселеріңіз туралы жазасыз. Әрине, бұл сіздің жеке тұлға ретінде өсуіңізге әсер етеді.