Forbes журналы әйгілі жандардың тағы да қалтасына үңілді. Бұл жолы атақты басылым отыз жастан төмен жұлдыздардың жылдық табысын есептеп көрген (2012 жылдың маусымынан 2013 жылдың маусымына дейінгі аралықта).
Бірінші орын жылдық табысы 80 миллион доллардан арып асып түскен 27 жастағы Леди Гагаға бұйырса, екінші орынды 19 жасар Джастин Бибер еншілеген (58 миллион). Үздік үштікті Тейлор Свифт қорытындылап тұр екен (23 жаста және жылына 55 миллион).
Жалпы алғанда, рейтинг көңіл қуантарлықтай. Рианна, Кэти Перри, Адель, Кристен Стюарт... Бір ғана таңқаларлығы, төртінші орынды алған бақытты жанда болып отыр. Жақында ғана Еуропаға танылған диджей Кельвин Харисс еніпті. Айтсақ сенбессіз, бұл жанның бір жылдық табысы 46 миллион еуроның басын құраған.
Сонымен, ордалы отызға жетпеген жұлдыздар ондығы:
Леди Гага, 27 лет – 80 000 000 доллар Джастин Бибер, 19 лет – 58 000 000 доллар Тейлор Свифт, 23 года – 55 000 000 доллар Кельвин Харрис, 29 лет – 46 000 000 доллар Рианна, 25 лет – 43 000 000 доллар Кэти Перри, 28 лет – 39 000 000 доллар Адель, 25 лет – 25 000 000 доллар Дженифер Лоуренс, 22 года – 26 000 000 доллар Кристен Стюарт, 23 года – 22 000 000 доллар10.Тейлор Лотнер, 21 год – 22 000 000 доллар